Данэлия Төлешова АҚШ- тағы таланттар шоуының жартылай финалына өтті

1465

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова америкалық «America’s Got Talent» таланттар шоуының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Танымал әлемдік шоудың ширек финалы бір күн бұрын тікелей эфиде өтті, Жартылай финалистер көрермендердің дауысы арқылы таңдалды. Дауыс беру АҚШ- тағы NBC сайтында өткізілді. Бірінеше қатысушы қазылар алқасынан қосымша ұпай алды.

«Лос Анджелсте менің жанымда анам және ұстазым Наталия Александрова бар. Біз сахнаға шығардың алдында қатты қобалжыдық. Мен академиялық педагог Гүлзат Даурбаевамен қосымша дайындалдым. Ауырып та қалдым. Бақытымызға орай, бәрі тез өтті. Баршаңызға рахмет! Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Мен қазір қандай күйде тұрғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Керемет атмосфера! Шабыттандырады екен. Мен енді келесі турға дайындаламын"- деп бөлісті Данэлия.

 

Бүгін шоуға қатысушылар баспасөз мәслихатын өткізіп, АҚШ-тың БАҚ өкілдеріне сұхбат береді.

Естеріңізге сала кетейік, ширек финалда қазақстандық 14 жасар жұлдыз Гарри Стайлдың «Sing of the Times» әнін тамаша орындап шықты. Оған көрермендер мен қазылар алқасы орындарынан тік тұрып қол соқты.

София Вергара жас әншінің өнерін жоғары бағалады.

Данэлия, анасы және ұстазы АҚШ-қа бірнеше күн бұрын барды. Шоудың барлық қатысушылары үшін міндетті шарт - бұл карантиндік шараларды қатаң сақтау.

«Біз ұшар алдында коронавирусқа тест тапсырдық. АҚШ-қа келген соң басқа қатысушылар сияқты, міндетті карантин шараларын сақтадық, тағыда тест тапсырдық. Біз қауіпсіздік шараларын қадағалаймыз, тіпті қызмет көрсетуде ешқандай байланыс болмас үшін қонақүйдегі тамақ есікке жеткізіледі», дейді Данэлияның ұстазы Наталия Чуракова.

«America’s Got Talant» жартылай финалының уақыты мен қазақстандық жұлдыздың қандай композиция орындайтыны әзірге белгісіз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы