"Андай-мындай" сөзімен есте қалған Ерғали Сыдымановқа сөгіс жариялануы мүмкін

594

Кеше Алматы облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановпен болған жағдай талқыланды. Бұл туралы Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлыны хабарлады. 

Әдеп жөніндегі кеңес Қазақстанның денсаулық сақтау министріне облыстың санитар дәрігеріне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынған.

"Көп адам Ерғали Сыдымановты жұмыстан шығару керек десе де, мен мұны ең оңтайлы және әділ шешім деп санаймын.

Біріншіден, ол өз кінәсін толық мойындап, қала мен облыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Екіншіден, видеода балағат сөздер немесе адамдарды қорлау болған жоқ. Үшіншіден, ол денсаулық сақтау саласында тәжірибесі мол және еңбек өтілі бар өз ісінің маманы", - деп жазды Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Ерғали Сыдыманов Алматы облысының кәсіпкерлеріне дөрекі сөздер айтқаны әлеуметтік желіде тарап кетіп, оны министр Алексей Цой көріп,  тұрғындармен келісе отырып, мұндай әрекет мемлекеттік қызметкерге сай емес деп есептейтінін айтқан. Ал 12 тамызда ол өз кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы