Билл Клинтон Трампты айыптауда

2821
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-ты 1993-2001 жылдар аралығында басқарған Билл Клинтон: «Дональд Трамп басқарған сәтте Ақ үй хаостың ошағына айналды»,-деп пікір білдірді. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Tass.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Экс-президент  Милуоки (Висконсин штаты) тұрғындарымен өткен видеоконференцияда қазіргі америкалық басшыны «дәйекті үкіметті құра алмады» деп айыптады. Клинтон: «Біз жұмыссыздық деңгейі үш есе өскен жалғыз ірі индустриалды экономикамыз», - дейді. Саясаткердің пікірінше, Трамптың жауапкершілікті сезінбей, кінәні басқаларға таңып қоятын қасиеті ешқашан өзгермейді. Бұрынғы президент Трампты айыптай келе, Демократиялық партия кандидатыДжо Байденге қолдау көрсеткен. Ол өз сөзіден Джо Байденнің прагматик екенін, сонымен қатар «тапсырылған жұмысты орындайтын жігіт» екендігіне сендірген. Ол туралы: «Өзіне жауапкершілік ала алатын, борышкер жан кінәні басқаларға аудармайды, байыпты, мақсатқа жете алатын, бөлмей, біріктіретін адам», - деп қорытындылаған.

АҚШ сайлауы 2020 жылдың 3 қарашасына жоспарланған. Монмут университетінің сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 52 пайызы Демократиялық партия кандидаты Джо Байден үшін дауыс беруге дайын, ал Трамп үшін 11 пайызға аз.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер