Психологиялық тест: Бір бейнені таңдап, ішкі әлеміңізді таныңыз

3409
Adyrna.kz Telegram

Кескіні мен түсі ұнаған бейнені таңдап, өзіңізге тән қасиеттерді біліңіз.

1-бейне. Басқалардың пікірімен санаса бермейсіз, әрдайым сіздікі дұрыс. Соған қарамастан, сізге өзгелердің бойындағы бірбеткейлік ұнайды. Сондай-ақ сіз табиғатыңыздан тек қана биікке ұмтылуды қалайсыз. Өмірге құштар жансыз. Әрқашан күлімдеп, айналыңызды нұрландырып, жылу сылайсыз. Айналаңыз сізді мейірімді жан деп таниды. Бұл сіздің ең басты қасиетіңіз.

2-бейне. Сіздің энергияңыз ешқашан сарқылмайды, күш-қуатыңыз да мол. Сырттай олақ боп көрінуіңіз мүмкін. Бірақ әсте олай емес.  Сіз бір сәтте бірнеше шаруаны еңсеріп тастай аласыз. Діттеген мақсатыңызға жетпей қоймайсыз. Арманыңызды орындау үшін бәріне дайынсыз, жетістікке жетпей қоймайсыз. Шешім қабылдарда асығыстық танытпай, жеті рет өлшеп, бір рет қана кесесіз.

3-бейне. Өте салмақты, ұстамдысыз. Сырт көзге бәріне оп-оңай қол жеткізетін нағыз жолы болғыштың өзісіз. Бірақ жақсы нәтиженің ең басты алғышарты – табанды еңбек емес пе? Сіз де қалауыңызға тек қана еңбектің арқасында қол жеткізіп келесіз. Айналаңыз үшін сіз жұмбақ жансыз. Өзіңіз де құпия болуды құп көресіз. Сезіміңізді, эмоцияңызды көп ретте жасырып қаласыз. Алаған қолыңыз береген де – әрқашан жомарттық танытып жүресіз. Өзіңізді қоршаған орта мен адамдарға бей-жай қарай алмайсыз. Көмекке зәру адамға қол ұшын беруден ешқашан тартынбайсыз.

4-бейне. Қолыңыз ашық, жомарт адамсыз. Өмірге көзқарасыңыз, құштарлығыңыз ерекше, өз әлеміңіз бар. Ешкімге кек сақтамайсыз. Тыныштықты, жайбарақат өмірді аңсайсыз. Жүрегіңіздегі, басыңыздағы, айналаңыздағы, тіпті, әлемдегі шу мен қарбалас сізді қажытқан. Уайымға салынып, көп ойланасыз.Тыныштықтың не екенін ұмытқансыз. Кей-кейде қолдан келмес іске де ұмтылып, әлек боласыз.

5-бейне. Өте мазасыз адамсыз. Кейбіреулерге қабақ шытып, кеудесінен итеретін жағымсыз қасиеттен де ада емессіз. Ішкі жан дүниеңізді дөп басып тану мүмкін емес. Жұмбақ адамсыз.

Алған бетіңізден қайтпайтын қайсарлығыңыз бар. Ешқашан тоқтамай алға ұмтылатын тынымсыздығыңызға қарап, сізді құдды бір мотор деуге болады. Ал басыңыз идеяның генераторы секілді. Дәйім жаңалыққа ұмтылып, сеңді бұзуды көксеп тұрасыз. Бірсарындылықты ұнатпайсыз.

6-бейне. Тек жақсы дүниені ойлайсыз. Көңілдісіз, сол қасиетіңізбен айналаңызға өте жұғымдысыз. Нағыз оптимиссіз. Сіздің осындай ақжарқын қалпыңыз өзгелерге қуаныш сыйлап, кейде жігерлендіреді де. Досыңыз көп, қашан да оларды қолдап-қуаттайсыз. Жауласуды, ренжісуді құп көрмейсіз. Әрбір сәт сіз үшін маңызды. Көңіліңіз сирек түседі, мұңаюға алтын уақытыңызды жоғалтқыңыз келмейді. Сіздің жаныңызда тек өмірден ләззат ала білетін, бір-біріне қуаныш сыйлай алатын жандар ғана шоғырланған.

7-бейне. Ақылды, қарапайым, қолы ашық адамсыз. Өткенге жалтақтамаймыз, болашағыңызды ойлайсыз. Әлемді жақсартқыңыз келеді. Соған дәйім талпынасыз да. Бәлкім, әлемді өзгертуге сіздің ғана күшіңіз жетпес, бірақ айналаңыздағы адамдарға шарапатыңызды тигізіп жүресіз. Сәттілік әрдайым сіздің жолдасыңыз.

8-бейне. Қарапайым жансыз. Адамды еліктірер қасиетіңіз дебар. Шынайы махаббатты аңсайсыз, бірақ бұйырмай қала ма деп қорқасыз. Тілдескен жанға жылы әсер қалдырасыз. Оптимиссіз, бірақ жүрегіңізге жылу жетіспейтіндей көрінеді де тұрады. Өзге біреудің қамқорлығын, мығым қарым-қатынасты қалайсыз. Достыққа адалсыз.

9-бейне. Өте ақылдысыз. Жан семіртер жақсы кітап оқуды ұнатасыз. Өзгелердің ішкі әлеміне үңіліп, болмысын тану сіз үшін қызық. Сіз терең  ойлы, әрі тірлікке де епті адамсыз. Жаңалықты тез қабылдайсыз. Үлгілі тәрбиеңізбен қоса адалдығыңызға айналаңыздағылар бас иеді. Ең бастысы – өз қалауыңызды орындайсыз, жүрегіңізді тыңдайсыз. Дүниетанымыңыз кең, біреудің алдында ықпайтын тәуелсіз жансыз. Өзіңізді қатты мақтан тұтасыз, менмендігіңіз де жоқ емес.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер