Айыппұл мөлшері 30 есеге азаюы мүмкін

2770
Adyrna.kz Telegram

Елімізде бетперде тағу режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін 83 мың теңгеден 2 778 теңгеге дейін азайту ұсынылып отыр. Бұл туралы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі өкілі Рустам Жүрсінов әлеуметтік желі арқылы хабарлады. 

"Қазіргі  мемлекеттік органдар "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын қарастыруда. Онда жеке тұлғаларға бептерде тақпағаны үшін салынатын айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылып отыр," - деп жазды.

Наразылық фотосы

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар бетперде тағуға салынған айыппұлдың мөлшері басқа елдермен  салыстырғанда тым қымбат екенін айтып, өз наразылықтарын білдірген. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Қожахметовтың айтуынша,  5 шілдеден бастап қоғамдық орындарда маска тақпағаны үшін 2778 адамға айыппұл (83000 теңгеден - ред.) салынған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер