Өнімді жұмыс. Жаппай қабылдау. Осылайша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 400 мыңға жуық адам қатысты

1007

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 379 мың адам қатысты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов мәлім етті.

«Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында шағын бизнесті дамыту үшін 5 800 жеңілдетілген несие мен 17 200 қайтарымсыз грант берілді. 5 800 шағын несие алушы қосымша 6 151 тұрақты жұмыс орнын құра алды», - деді С. Шапкенов.

Вице-министрдің айтуынша, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 156 мың қазақстандық жұмысқа орналасқан. Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 130 мың адам ашық бос жұмыс орындарына ие болды.

«Бүгінде 34,5 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытудан өтуде. Қыркүйек айында ҰБТ тапсырмаған 20 мыңнан астам талапкер жұмысшы мамандықтарына тегін кәсіптік-техникалық оқуға жіберіледі», – деді спикер.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы