Бүгін Қазақ радиосынан күні бойы Шәмші әндері беріледі (видео)

1760

Бүгін қазақ ән өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына — 90 жыл.

Тоқсан жылдық торқалы тойдың тартуына бүгін күні бойы Қазақ радиосының әуе толқынынан "Ән ағаның" әуезді әндері берілмек. Бұл туралы Қазақ радиолары ЖШС Бас редакторы—"Қазақ радиосы" радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев facebook-тегі парақшасында жазды.

"Композитор рухына тағзым ретінде таңнан кешке дейін эфирден тек Шәмші Қалдаяқовтың туындылары әр кезеңдегі әншілерінің орындауында берілмек. Сондай-ақ, бүгін тыңдарман назарына Шәмші Қалдаяқовтың Қазақ радиосының Алтын қорына 1991 жылы жазып алынған соңғы сұқбаты мен 1975 жылы үнтаспаға түскен Әбілахат Еспаев жайлы жүрекжарды лебізі қамтылған Арнайы хабарлар ұсынылады",—делінген ақпаратта.

"Қазақ вальсінің королі" 40 жылдан астам шығармашылық жолында жүздеген музыкалық туынды жазған. Оның өз қолымен түсірген ноталық партитуралары Қазақ радиосының «Алтын қорында» әлі күнге дейін сақталған. Алғаш рет "Ақмаңдайлым" әні радионың үнтаспасына 1959 жылы жазып алынған екен.

Пікірлер
Редакция таңдауы