Гүлді таңдап, болашағыңызды біліңіз (психологиялық тест)

12643
Adyrna.kz Telegram

Әдетте гүлді нәзік жанды арулар жақсы көреді. Сол себепті бұл тестті де бойжеткендерге арналған деуге болады. Сіздерге суретте бес гүл ұсынып отырмыз: мимоза, қызғалдақ, інжугүл (ландыш) бәйшешек, зағыпыран (крокус).

1. Бірінші мимоза гүлін таңдасаңыз, сізді күз айында біраз өзгерістер күтіп тұр деген сөз. Бастысы – одан шошынбай, жақсы қабылдай біліңіз. Барлығы да жақсылыққа, ретімен болады. Тек уайымдамаңыз. Және қалтадағы қаржыңызды қысып ұстауға тырысыңыз. Ақшаны онды-солды шаша берсеңіз өкініп қалуыңыз мүмкін.

2. Қызғалдақ таңдауы сіздің арманыңызды орындайды. Сондықтан батыл түрде жоспарлар құрып, нобайын жасай беріңіз. Өміріңізде барлығы да ойламаған жерден өз орнына қойылады. Тіптен әулетіңізде үлкен той да болуы мүмкін.

3. Меруертгүл не інжугүлді таңдасаңыз, сізді нәзіктік пен романтика күтіп тұр. Күзде  сіз  гүл ашып, құлпыра түсесіз. Оның себебі – әрине, махаббат болмақ. Бұл сезім сізді қайта шырмап алады, дайын болыңыз. Махаббатыңыздың соңы үйленуге келіп тіреледі.

4. Бәйшешек – еңбегіңіздің зейнетін көретініңізді білдіреді. Бар жетістігіңіз бағаланады. Күз  бойы осы уақытқа дейін сіңірген еңбегіңіздің жемісін жеп, жақсылап демаласыз.

5. Зағыпыран гүлі ең үздік жеңісті әкеледі. Көктем мезгілі аяқталғанша сол жетістіктің рахатын көресіз. Жаңа үміттің ақталуына тағы да мол қуат жинайсыз. Өмірдің әр қырында өзіңізді ең жақсы жағынан көрсетесіз.

massaget.kz

Пікірлер