Ресейлік телеарналарға тыйым салынды

2456
Adyrna.kz Telegram

Армения билігі ресейлік телеарналардың көрсетілуіне заңмен тыйым салды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РБК агенттігіне сілтеме жасап.

 Бұл заңға Армения президенті Армен Саркисян 5 тамыз күні қол қойды. Ресейлік телеарналардың кабельді опреаторларына бұл заңның қатысы жоқ, яғни кабельді операторлар көрсетілімін жалғастыра береді. Армяндардың мұндай шешімге келуіне аз уақыт бұрын Телевидение және радио ұлттық комиссиясының төрағасы Тигран Акопянның мәлімдемесі түрткі болған.

Акопян «кейбір шетелдік телеарналар түрлі ақпарат таратуымен ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіруде» деп дабыл қаққан болатын. Сонымен қатар ресейлік арналар Ереван халқын қарсылық шараларына шақырып, түрлі хабарлар таратқан.

Мәселен, 2019 жылы  Russia Today агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян «Россия-1» арнасында «Армения жастары Батыстың қаржыландыруымен мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалуда» деп ашық айтты. Осы және өзге де ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін жағдайлар армяндардың ресейлік арналарды көруіне заңмен тыйым салуға итермелеген.

 

Пікірлер