Біз жаңа қырғи-қабақ соғысқа қарсымыз - ҚХР СІМ

6124
Adyrna.kz Telegram

Фото: coinnewsextra.com

Қытай АҚШ "қырғи-қабақ соғыс" идеясынан бас тартады деген үмітте екенін айтты, - деп хабарлайды Xinhua агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Xinhua ақпарат агентігіне берген сұқбатында Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И әлем идеологиялық блокқа бөліну қаупі алдында тұрғанын айтты.

"Бұл - адамзаттың прогресі мен даналығын ескермеу ғана емес, әрі тарихтың дөңгелегін кері бұрудың орынсыз әрекеті", - дейді ол.

ҚХР сыртқы істер министрі қазіргі таңда Қытай мен АҚШ арасындағы байланыс ушығып тұрғанын атап өтті.

Ван И ҚХР бұрынғы КСРО-ның жолын таңдамайтынын, ашық байланыс орнатуды қалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қытай әлемнің дамуына және халықаралық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосады.

Бейжің мен Вашингтон арасындағы байланыс соңғы айларда түрлі себептермен ушыға түсті. Қос мемлекет коронавирус пандемиясы, аз ұлт өкілдерінің құқығын сақтау, сауда-саттық сынды күрделі мәселелерде бір ұстанымға келе алмады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер