Алматы облысында жанармай бекеті мен екі көлік жарылып кетті

3741
Adyrna.kz Telegram

Джип көлігі көлік жанармай құю бекетінің газ толы бөлігіне соғылып,  жарылыс болды. Екі адам зардап шекті және екі көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Адырна" Алматы облысы Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

  "Термиялық күйік салдарынан 1948 жылы туған Land Cruiser Prado маркалы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, денесінің 90 пайызын күйік шалған, жағдайы ауыр. Тағы бір зардап шегуші - 1990 жылы туған май құю стансасының операторы, ол алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Жақын маңдағы көпқабатты және жеке тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ", - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

6 тамызда сағат 10:15-те Алматы облысындағы Есік қаласында "Әлем Ойл" АЖҚС маңында Land Cruiser Prado маркалы көлік газ толы бөшкеге соқтығысып, соның кесірінен жарылыс болып, Hyundai Tucson және Land Cruiser Prado көліктері және 700 шаршы метр жер өртеніп кетті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер