Бейруттағы жарылыс шығыны 15 млрд доллардан асты

2898
Adyrna.kz Telegram

Бейруттағы жарылыстан қайтыс болғандардың саны 137-гежетіп, жарақат алғандар 5000-нан асты. Із-түссіз жоғалып кеткен адамдар да бар, деп хабарлайды "Хабар 24" кз.

Қала губернаторының  хабарлауынша, жарылыстың шығыны 15 млрд доллар. Қазір мұнда 2 апта төтенше жағдай жарияланған.

Ливанның ақпарат министрі қойма жұмысына жауаптылардың барлығы үй қамауына алынады дейді.

Қоймада 2014 жылдың маусымынан бері 2750 тонна аммоний нитраты заңсыз сақталған. Жарылыстан барлығымыз зардап шектік. Бұл - ұлттық апат болды - дейді министр.

 

Порттағы жарылған аммиак селитрасы қоймада 6 жыл сақталған. Жүк Ресей азаматы Игр Речушинге тиесілі. Грузиядан Мозамбикке химикаттар тасумен айналысқан  кеме   бір сапарда бұзылып, Бейрутта тоқтаған. Кеме салық төлемегендіктен жүгімен бірге қамауға алынады. Ал кеме иесі Речушкин ешқандай ақша төлемей, экипаждың 4 мүшесі еліне бір жылдан кейін әзер оралған. Порттың кеден қызметі биліктен қоймадағы қауіпті затты жоюға 6 рет өтініш жасаған. Белгісіз себептермен өтініш аяқсыз қалған.

Қазақстанның Ливандағы елшілігінде 113 қазақстандық тіркелген. Олардың ешқайсысы жарылыстан зардап шекпегені мәлңм болды.

Қазір Еуропа елдері Ливанға алғашқы көмектерін көрсетіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер