Үй карантинін сақтамағандарға айыппұл салынатын болды

2625
Adyrna.kz Telegram

Алматы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін енгізілген қосымша шектеу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«3 тамыздан бастап Алматыда түнгі 00:00 ден бастап COVID-19 таралуының алдын алу үшін қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл шектеулер ПТР талдауы оң нәтиже көрсеткен симптомсыз науқастарға қатысты болмақ», - деді әкімдіктен.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, азаматтардың көпшілігі үй карантині талаптарын бұзады.

«Вирусты тасымалдап жүрген симптомсыз адамдар өте қауіпті. Гепатит А вирус да жақсы білеміз. Симптомсыз науқас 20 адамға дейін жұқтыра алады. Бұл көп жағдайда туған-туыс, көрші-қолаңға инфекцияның таралуына әкеледі. Сол үшін осы шектеуді енгізуге тура келді», - деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар, бұл заңбұзушылықтар үшін азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Қала тұрғындарына төнген қауіпті сейілту үшін ПТР талдауы оң, симптомсыз науқастардың жүріс тұрысы қадағаланатын болады.

Егер адам оқшаулануға мүмкіндігі болмаса +7 (727) 300-05-05, +7 (727) 300-01-03 нөмірлеріне хабарласып, карантин стационарына орналаса алады. Бұл мемлекет қаржысынан төленеді.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер