Гонконг: Короновирустың үшінші толқынында әлемді не күтіп тұр?

876

Гонконг соңғы кезге дейін Covid-19 пандемиясына қарсы күресте ең үлгілі ел болып саналып келді.

Алғашқы ауру Қытай мен Гонконг шекарасынан шыққанына қарамастан, Гонконгта инфекциялық ауру саны аз болды.  Қытай, Еуропа және АҚШ-тағыдай енгізілген қатаң шектеу шараларынан аулақ болды.

Бірақ қазір Гонконг  екінші емес, үшінші инфекция толқынына тап болды. Үкімет ауруханалар өте қиын жағдайға душар болуы мүмкін екенін ескертті және бір күнде жаңа инфекциялар саны рекордтық көрсеткішке жетті.

Неге бұлай болды? Пандемиядан, оқшауланудан туындаған экономикалық ауыртпалыққа шырмалған  елдерге сабақ болар жайт бар ма?

Карантиннен шығу және кеткен кемшіліктер

Гонконгта бірінші Covid-19 жұқтыру оқиғасы қаңтардың аяғында тіркелді. Мұны алғашқы толқын деп есептеген елде қатты алаңдаушылық болды, бірақ инфекцияның саны салыстырмалы түрде төмен болып,  оның таралуы тез бақылауға алынды.

«Екінші толқыны» наурыз айында шетелдік студенттер мен тұрғындардың  еліне орала бастағаннан кейін болды. Осы оралулар инфекцияның өсуіне алып келді.

Нәтижесінде, Гонконг барлық резидент еместерге  және шекарасына шетелден кіруге тыйым салатын қатаң бақылауды енгізді, қайтып келген адамдардың барлығына Covid-19 сынағынан өтіп, 14 күндік карантиннен өту керек болды.

Тіпті жаңа келгендерді бақылауға алуға және олардың үйде болғанына көз жеткізу мақсатында электрондық білезіктерді де қолданды.

Сондай-ақ, маскалардың кеңінен қолданылуы және адамдардың қашықтықты сақтау шараларды орындауының арқасында Гонконгтағы өмір қалыпты күйге оралғандай болды.

Сонымен, тоғыз күн қатарынан 100-ден астам адамның коронавируспен ауырғаны, «үшінші толқыны» қалай пайда болды?

Гонконг «ауқымды» өршу қарсаңында

Гонконг университетінің вирусология кафедрасының меңгерушісі Малик Пейрис:

-Бұл күтпеген және ашуға тиерлік жағдай. Бар жағдайды бақылауда ұстаған жүйеде екі кемшілік болды. Біріншіден, оралмандардың көпшілігі үйдегі 14 күндік карантинде жатқанымен, карантин лагерьлерінде  тұрмады. Ұлыбритания мен басқа елдердегідей кеңінен таралған үйлерде  тұрды. Үйдегі адамдар ешқандай шектеуге ілікпеді, қайда барса да өз еркімен жүрді.

Екіншіден, Гонконг 200 000-ға жуық адамды, оның ішінде теңізшілерді, авиациялық экипаждарды және биржада тіркелген компаниялардың басшыларын карантиннен босатты.

Үкімет бұл босатуды Гонконгта күнделікті жұмыстың қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін олардың келуі қаланың экономикалық дамуына қажет болды  деп түсіндірді.

Гонконг халықаралық қала және сауда порты  болғандықтан, бұл жерде  әуе, кеме қатынасы көп. Сондықтан, көптеген кемелер мен ұшақтарда  экипаждарды ауыстырады. Бұған қоса бұл аймақ  Қытайдан және басқа жерлерден азық-түлік және қажетті тауарлар импортына тәуелді.

Жұқпалы аурулар жөніндегі маман және дәрігер Джозеф Цанг та «жоғарыда атаған тексерістен босатуды»  инфекцияның таралу  қаупін арттырды деп сипаттайды. «Әсіресе, теңізшілер мен әуе экипаждары туристік орындарға барып, қоғамдық көлікті пайдаланған».

Алғашында үкімет  карантиндік босаңсытуға кінәлі емеспіз деген. Кейінірек,  аурудың өршуі тексеруден босатуға қатысты болғаны дәлелденген  соң кінәсін мойындады. Қазір үкімет әуе және теңіз экипаждарындағы ережелерді күшейтті, бірақ оны орындау қиын болуы мүмкін.

Осы аптаның басында бір шетелдік ұшқыштың Covid-19 сынағының нәтижелерін күтіп жүріп, көрікті жерлерге барғаны туралы айтылды.

 

ВВС ақпарат агенттігінен аударған: Нағима БАЗАРҚЫЗЫ,
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер