Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

5116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/eeebf5aa-d6b3-4874-bd3d-caa5d965d81d.jpg
Байқаудың мақсаты – әл-Фараби мен Абайдың мұрагерлік сабақтастығын байланыстыра отырып, шығармашылық адамдардың шабытын шарықтату, ғұлама ойшылдың өмірі мен ғылымға әкелген үлкен үлесін насихаттау. Байқаудың міндеттері:
  • Жастардың ізденісін артыру;
  • Әл-Фараби мен Абай философиясын өскелен ұрпаққа ұғындыру;
  • Шығармашылыққа жақын жандарға мотивация беру;
  • Абай мен әл-Фарабидің мерейтойын жазуға қабілеті бар адамдар арқылы насихаттау;
  • Ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) шығармашылыққа қабілеті бар назардан тыс қалған шығармашылыққа бейім жандарды БАҚ арқылы насихаттау.
Байқаудың қатысушылары:  Жамбыл облысының және Тараз қаласының 14-35 жасаралығындағы тұрғындары болу керек. Байқау шарттары: Әр шығармашылық жұмыс abai-Farabi@bk.ru электронды почтасына алдын-ала жіберіліп, сараптан өткізіледі. Эссе тақырыбы Абайдың 175 жылдығы және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына сәйкес келуі шарт. Ескерту: Эссеге қатысушы мазмұн көркемдігіне қарай қалаған тақырыбын қоя алады. Эссе Microsoft Word түрінде қабылданады. Шығарма көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 10 беттен аспау керек. 1 қатысушы бір ғана эссе жолдай алады. Егер байқауға қатысушы 2 эссе жолдаған жағдайда эссенің мазмұн тереңдігіне, тіл көркемдігіне қарай үздік деп танылғаны байқауға қабылданады. Материалдар тек қазақ тілінде болуы тиіс. Қатысушылар эссе байқауына өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмерін, мекен-жайын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, abai-Farabi@bk.ru электронды поштасына жіберу керек. Байқау талаптары: Байқауға эссе жұмыстарын қабылдау 2020 жылдың 25 шілдесі күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.00-де басталып, 2020 жылдың 9 тамызында сағат 23:59-да аяқталады. Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін материалдар байқауға қабылданбайды. Байқау барысы: Барлық шығармашылық жұмыстар «Адырна» ұлттық порталының (www.adyrna.kz ) «Abai-175» және «Al-Farabi-1150» айдарларына жарияланады. Жеңімпаздарды ҚР танымал жазушылары мен журналистерден жасақталған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен, арнайы әзірленген Абай мен әл-Фарабидің мүсіншелерімен, дипломдар, рамкалар, гүл шоқтарымен марапатталады. Жеңімпаздар  Тараз қаласында өтетін қорытынды шығармашылық фестивальде марапатталады. Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар: Көркем тілділігіне; Сауаттылығына; Ғылымилығына; Объективтілігіне; Креативтілігіне; Мазмұнына; Көркемдігіне; Сапасына; Өзектілігіне және т.б. қарай бағаланады.   Ұйымдастырушылар: "Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жобасы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры. Толық ақпаратты +7 747 933 91 09  нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 арасында ғана жауап бере алады).  

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии