Бүгін Ләззат Асанованың туған күні!

8580
Adyrna.kz Telegram

"Қазақтай кеңпейіл халыққа Тәуелсіз мемлекет деген атақ пен абырой алып береміз",-деп ұлтжанды жастар өрімдей өмірлерін құрбан етті. Сол жастардың ата-анасы әлі күнге дейін қан жұтып, ұл-қызының тірі күнін кермек сағынышпен еске алуда. Алайда біздің желтоқсан оқиғасын 16 желтоқсанда ғана еске түсіретініміз қиын-ақ..

Дәл бүгін 27-шілде күні көзі тірі болғанда қазақтың өжет те батыр қызы, желтоқсан құрбаны, «халық қаһарманы» атағын мемлекет бермесе де халқы берген Ләззат Асанова 50 жасқа толар еді. Соған орай«Адырна» ұлттық порталының журналистері Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асановамен бірге алаңға барып, жеті шелпек таратып, гүл шоқтарын қойып кетті.

Алтынай Асанова терең күрсініспен «Бүгін қызымның 50 жылдығымен ешкім құттықтап хабарласқан да, алаңға барып гүл шоқтарын қойған да жоқ. Тіптен желтоқсандықтардың біреуі келмеді..» деді. Біз де бір күрсініп алдық. Иә, жылдар жылжып өткенімен желтоқсан жарасы жүректен ешқашан кетпейді екен...

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер