Шаш күтімі туралы не білеміз?

2128

Шаш күтімі - оңай іс емес. Егер қыз балалардың шаштары тым жұқа, майлы болса, бұл оның өзін-өзі бағалауына теріс әсер етуі мүмкін. Шашты әдемі қалпында сақтау үшін ханымдар кез-келген нәрсеге баруға дайын. Бірақ сұлулық индустриясы қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, көптеген адамдарға арналған шаш күтімінің ерекшеліктері шешілмеген құпия болып қала береді.

Назарларыңызға танымал трихолог Федор Тонкихтің шаш күтіміне байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауабын ұсынамыз:

Шашты күнде жуу зиян ба?

Шын мәнінде, шашты күнделікті жуу зиянды деген пікірлер - ғылыми негізі жоқ бос сөз. Сіз шашыңызды өзіңізге қаншалықты қажет болса, соншалықты жуа аласыз. Бастысы - дұрыс сусабындар мен күтім құралдарын таңдау. Айтпақшы, шашты күшейтетін, өсуді ынталандыратын немесе шаш түсуін тоқтататын сусабынның жарнамаларын көргенде оның жай ғана маркетингтік амал екенін ұмытпау керек. Сусабын шаштың тамырына айтарлықтай әсер ете алмайды.

Шашқа ламинация жасау дұрыс па?

Шаштараздардың айтуынша, ламинация - бұл шашты пленкамен қаптайтын арнайы композицияны қолдану процедурасы. Содан кейін сіз тегіс, жылтыр және сау шаштың бақытты иесі боласыз. Бірақ іс жүзінде бұл уақытша нәтиже береді, сонымен қатар шаштың анатомиялық құрылымын бұзады. Шашы қатты түсетін адамдарға бұл процедура ұсынылмайды.

Кератинді түзету қауіпті ме?

Шаш үшін  1 рет кератинді түзету жасаған жөн. Бұл процедура әр таң сайын шашты үтіктегеннен әлдеқайда жақсы. Тез эстетикалық әсерге ие болғысы келетіндер кератинизацияны жасату керек. Ол ламинацияға қарағанда жақсы нәтиже береді. Кератинді түзетуді жасағаннан кейін шашыңыз жылтырап, жұмсақ бола түседі.

Не себепті бастың терісі ауырады?

Бас терісін тартып тұратын шаш үлгілері бассүйекке салмақ түсіреді. Сол себепті шашты қатты бумау керек. Бас терісінің ауруының негізгі себебі - омартқадағы проблемалардың орын алуы. Ол қанмен қамтамасыз етілудің нашарлауына әкеледі.

Вегетариан болу шаштың түсінуіне себеп болама?

Шаш ақуыздан тұрады. Егер диетада ақуыз жеткіліксіз болса, онда шаш түсе бастайды.  В12 дәрумені - шаш өсуінің маңызды элементі, бірақ ол тек сүт пен жұмыртқада болады. Шашқа керек темір етте болады,  ал өсімдіктерден алынған темір ағзаға нашар сіңеді.

Шаш шампуньға үйреніп қала ма?

Шашыңыздың жағдайы мен қажеттіліктері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, шаштың ұзындығын алып тастауға, бояуға немесе өсіруге болады. Сонымен қатар, жыл мезгілдері, денсаулығыңыздың жағдайы, гормондардың деңгейі өзгереді. Сол себепті үнемі бір шампуньді ғана қолданбай, өзгертіп отыру керек.

Қандай шаш үлгісі қауіпті?

Жылқы құйрығы, афрокос сынды шаш үлгері қауіпті.  Шаштың түсуін болдырмау үшін сіз үнемі оның сәнін ауыстырып отыруыңыз керек. Шашты қатты тартпаңыз және бас массажын жасап тұрыңыз .

 Диана АСАНОВА, «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы