Ресейдің бірнеше қаласында митинг өтуде

5658
Adyrna.kz Telegram

Бүгін таңертең Хабаровскіде Хабаровск өлкесінің қамауға алынған губернаторы Сергей Фургалды қолдау үшін тағы да жаппай митинг басталды. Владивосток пен Оңтүстік Сахалинде де наразылық акциялары өтуде деп хабарлайды "Адырна" "Би-би-си"-ге сілтеме жасап.

Хабаровскідегі митингтер осымен 15-ші күн қатарынан өткізілуде. Би-би-си тілшісі Петр Козловтың айтуынша, акция жергілікті уақыт бойынша түске дейін ұйымдастырылып, алғашқы кезде қала орталығында шерумен басталған. Демонстранттар «Мен / біз Фургал» және «20 жылдық сенім жоқ!» деген ұрандармен шығуда

«Өткен сенбіге қарағанда адамдар көп болды. Бұл екі аптадағы ең үлкен митинг сияқты», - дейді ВВС тілшісі. Билік әлі наразылық білдірушілердің санын ресми түрде жариялаған жоқ.

Сенбіде Фургалды қолдау акциясы Амурдағы Комсомолск және көрші облыстарда да өтуде.

Владивосток VL.ru порталының хабарлауынша, Владивостоктағы Кеңес өкіметі үшін күресушілердің ескерткішіне шамамен 150-200 адам жиналды. Сонымен бірге, жергілікті билік алаңда көкөністер фестивалін өткізіп, ескерткішті жуып жатыр. Акцияға қатысушылар «Хабаровск, біз сіздермен біргеміз!» және «Ресей, шық!» деген сөздер жазылған плакаттар алып жүр. Акцияны ұйымдастырушылар бұл шараны «саяси сенбілік» деп атайды.

Интерфакс тілшілері Оңтүстік-Сахалинде Фургалды қолдауға арналған митингілер өтіп жатқанын, бірақ демонстранттардың саны аталмағанын хабарлады.

Хабаровскідегі ВВС тілшісінің айтуынша, сенбідегі митингі басталардан бірнеше сағат бұрын полиция "Амур" қонақ үйіне саясаттанушы Александр Кинев пен қалаға келген «Ашық Ресей» үйлестірушілерінен түсініктеме алу үшін келді. Олар коронавирус жұқтырған белгілі бір азаматпен байланыс жасады деген күдікке ілінді.

Губернатордың уақытша міндетін атқарушы Дегтярев Хабаровскіде наразылық акцияларын ұйымдастыруға шетелдік азаматтар тартылғанын айтты.

«Сергей Иванович [Фургалдың] тұтқындалуынан кейін басталған үлкен митингілер, маған түсінікті, олар стихиялы түрде ұйымдастырылған. Бұл Хабаровскінің халқы өзі сайлаған губернаторды алып тастауы жұрттың ашуын туғызды», - деді Дегтярев BBC тілшісінің сұрағына жауап ретінде. Мен соңғы үш күнде терезеден көріп отырмын, бұны  арнайы ұйымдастырған. Құқық қорғау органдарының бұлтартпайтын дәлелі бар. Жедел мәліметтер солай дейді деді Дегтярев.

ЛДПР басшысы Владимир Жириновский "Говорит Москва" радиостанциясының эфирінде Хабаровск өлкесінің тұрғындарының алдында «олар бізді қаншалықты жақсы көретінімізді, оларды қалай қорғауға дайын екенімізді түсінуі үшін» тізе бүгуге дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Жириновский Хабаровск тұрғындарынан Михаил Дегтяревті қолдауды өтінді, өйткені «ол Фургалдың жасаған жақсы істерін жалғастырады» деді.

Сергей Фургал 9 шілдеде қамауға алынған. Тергеу мәліметінше, ол 2004-2005 жылдары кәсіпкер Александр Смолскийді өлтірген және кәсіпкерлер Евгений Зори мен Олег Булатовты өлтіруді ұйымдастырған деген күдікке ілінген. 20 шілдеде президент Владимир Путин сенімін ақтамаған  Фургалды қызметінен босатты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер