Шымкентте жалпықалалық дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр (видео)

2110
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкентте қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Дезинфекциялау жұмыстарына барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 («Шымкент жасыл қала» -50, Әскери қызметшілер - 40, сервистік мекемелер - 80) су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылуда.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданында 7 техника, Әл-Фараби ауданында 6 техника, Еңбекші ауданында  7 техника, Қаратау ауданында 7 техника дезинфекция жұмысын атқарып жатыр.

Сонымен қатар, орталық көшелерді арнайы мандандырылған мекемелер техникалармен, ал демалыс орындары, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ойын алаңшалары, ішкіорамдық көшелерді әскери қызметшілер мен сервистік мекеме жұмысшылары су бүріккіш жабдықтармен залалсыздандыруда.

Дезинфекциялық жұмысқа 2 000-нан астам көше, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары (саябақ, гүлзарлар) және 2171 көп қабатты үй аулалары қамтылады. Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады.

Сенбілікке аудан әкімдері де қатысып, жұмыстың басы-қасында жүр.

Абзал Әліқұлов, Қаратау ауданының әкімі:

Бізге 15 техника бөлінді. Үлкен көшелерге арнайы техникалар,  аулаларға, балалар алаңына,  подъездерге  (кіреберіс) әскери күштерден 20 адам жұмылдырып, дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмысқа көп қабатты үйлердегі орналасқан КСК қызметкерлерімен келісім жүргізіп, олар өздеріне тиісті жерлерге дезинфекция жасап жатыр.

 

Шымкент

Пікірлер