Ақтөбе облысында жергілікті жолдардың 600-ден астам шақырымы жөнделеді

2352
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан өңірлерінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында осы жылдың соңына дейін жолшылар жолдардың 606 шақырымын жаңартпақ.

Нақтырақ айтқанда, биыл мұнда автомобиль  жолдары саласында 41 жоба жүзеге асырылуда. Олардың екеуі - жолдарды салу, үшеуі - жолдарды  қайта жаңарту, төртеуі - жолдарды күрделі жөндеу, 33-і - жолдарды орташа жөндеу жобалары.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 56,5 % құрайды. Жыл соңында аталмыш көрсеткіш 59% дейін ұлғайтылып, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын болады.

Еске салайық, өңірдегі жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайды. Олардың 1,2 шақырымы - облыстық, 3,7 шақырымы - аудандық жолдар.

Бұдан бөлек, аймақта республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу жобалары жүзеге асырылуда.

Тиісті жұмыстармен жолдардың 296 шақырымы қамтылатын болады.

 

         “Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер