Қадыров қара тізімге енді

4136
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Мемлекеттік департаменті Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты қара тізімге алды, деп хабарлады Мемлекеттік хатшы Майк Помпео. Бұл туралы "Адырна" "РИА Новостиге" сілтеме жасап, хабарлайды.
«Бұл Қадыровтың Шешенстандағы адам құқықтарын өрескел бұзу әрекетіне байланысты. Біздің қолымызда Қадыровтың ондаған жылдар бойы адам құқығын өрескел бұзумен қатар, адамдарды өз бетімен сотсыз жазалағаны жөнінде бұлтартпас деректер бар" деп мәлімдеді Помпео.

Бұл шешім республика басшысының әйелі Медни Кадыроваға және қыздары Айшат пен Каринаға (Хадижат деген ат алған) да қатысты.
Қара тізімге кірген адамға АҚШ-қа кіруге тыйым салынады.

Помпео сонымен қатар аймақ басшысы коронавируспен күресу сылтауымен «Шешенстандағы адам құқығын одан әрі бұзуда» деп алаңдаушылық білдірді.
«Біз адам құқықтарына бей-жай қарамайтын, көзқарасы бірдей елдерді осындай шараларды қабылдауға шақырамыз» деді Помпео өз мәлімдемесінде.
Бұл жағдайға Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова түсініктеме берді. Ол РИА Новостиге Вашингтонға айнаға жауап бергендей жауап беру қиын болатынын, бірақ «біз бір нәрсе  ойластырамыз» деді.
Бұған дейін Қадыров АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялар тізіміне енген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер