Сүйінші хабар! Шахановтың жағдай жақсы

1732

Белгілі жазушы Құдияр Біләл Мұхтар Шахановтың жағдай жақсы екенін айтып, халыққа сүйінші хабар жеткізді. 

"СҮЙІНШІ ХАБАР!!!
Қазір ғана Мұхтар Шаханов ағамызға жолығып қайттық. Аурухана қаланың сыртында. Ішке кіргізбейді. Мұхтар ағамызбен терезе сыртынан тілдестік. Жағдайы жақсы. Дәрігері: "Екі-үш күнде шығарып қаламыз", - деді. Сосын өз тілінде Мұхаң ауруының мөлшерлік деңгей көрсеткішін айтып шықты. Біз өз тарапымыздан: "Ол қанша болуы керек еді?", - деп сұрадық.

Білгеніміз, Мұхаңдыкі сол қалыпты деңгей шамасында екен. Дәрігер де қазақ қой, ол да: "Әлеуметтік желіде айтылып жатқан әңгімелері біз де естідік. Сондықтан дәрігер ретінде айтамын. Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы. Менің осы сөзімді халыққа жеткізіңіз", - деді. Мен дәрігер қарындасыма: "Мұхаңды жақындау жерден суреттке тартып беріңізші", - деп өтініш жасадым.

Мұхаң өзін суретке түсіретінін білгенде шашын тарақтап, реттеле бастады.
Жалпы ауруханадан осындай қуанышты көңіл ауанында қайттық. Баршаңызға рахмет, тілеулес ағайын!", - деді Құдияр Біләл.

Бұған дейін ақын төңірегінде алып-қашпа әңгімелер болған еді.

Пікірлер
Редакция таңдауы