Алматы еріктілері алдыңғы шепте жүр

1220

Алматы қаласы жедел штабының еріктілері мен  «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы өкілдері Қазақстанның барлық аймақтарындағы медицина қызметкерлеріне жөнелтілетін 53 тонна гуманитарлық көмекті түсіруге көмектесті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының гуманитарлық көмегі 2 күн бұрын MEDSERVICE PLUS қазақстандық фармацевтикалық компаниясының қоймаларына жіберілді.

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры коронавирус басталғалы қаланың тіршігіне өз үлестерін қосуда. Мысалы,  Наурызбай ауданында орналасқан  «Жұлдыздар алаңы» саябағында «Таза Алматы» акциясын өткізді. Қажетті жерлерге керекті азық-түлік пен маскалар таратып жүр.

Бұдан бөлек  «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының қыз-жігіттері  Алатау мен Жетісу аудандарында экологиялық сауалнама жүргізіп, сол аумақтарды жинады. Медеу, Түріксб аудандарында Жасыл ел жасағының өкілдері  көптеген заң бұзушылықтарды, бөтелке, темекі және басқа да қоқыстардың заңсыз тасталған бірнеше қоқыс үйінділерін тапқан.

Жастар саясатын дамыту мемелекеттік қорының «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы спорт кешенін қайта жаңғыртуға көмектесуде. Сондай-ақ осы қор Қарағайлы ауданына еменнің 40 көшетін отырғызған. Ардагерлерге сенбілік науқандар өткізіп, аулаларын ретке келтіруге атсалысып келеді.

 

Асқар Гүлвира,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы