Мұхтар Шерім. Коронвирустагқа ту тігеміз!

2924
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік Ұлы Өмір соғысы басталғалы қашан! 2020 жылдың наурыз айында басқыншы Короновирус әскерлері Қазақстан территориясына да таңғы төртте тұтқиылдан шабуыл жасаған еді. Бақайшағына дейін қаруланған Короно АЖАЛ СОҒЫСЫНА БИЛІК СЕНБЕГЕН ЕДІ... "Наконец то келді ғой"деп қарап отырған еді.

Елде көзге көрінбейтін короновируспен соғыс жүріп жатқанда сатқындар дәрі-дәрмектен пайда тауып, тығып сатып, тапшылықты қолдан жасап жатты... Сонда да аз ғана аспирин автоматпен, парацетомоль минометпен қаруланған халық Өмір үшін күресіп жатты.

Соғыстың орта тұсында қолбасшымыз бұрынғы ефрейтор Біртановты орнынан алып тастап, денсаулық министрі креслосына Цойды қойды. МАРШАЛ АТАҒЫН БЕРДІ. Маршал бас дәрігер, қазір "қайтсек Коронаны жеңеміз?"деп әбігер. МЫРЗАЛАР МЕН ХАНЫМДАР! Короно әскерлері халқымызды тұншықтырып, о дүниеге аттандырып жатқанда, миллиардер байлар неге тыныс алдыратын аппаратқа ақшаларын қимайды?

Осыны айтатын депутаттар неге мақау? Үкімет неге шабуыл бастамайды? Ажал сеуіп тұрған дзоттың аузына кеудесін тосатындай, Матросов ерлігін қай шенеунік қайталайды екен? Ұлы Өмір соғысы тек біздің жеңіспен аяқталады! Біз жеңеміз! ШЕГІНЕРГЕ ЖОЛ ЖОҚ, АРТЫМЫЗДА Астана!!!

Мұхтар Шерімнің  қышқыл сатирасы, 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер