Жұмысты қалай табуға болады?

1434

Қазіргі таңда әлемді алаңдатып отқан дерт біздің Қазақстан үшін де қатерлі. Бірінші байлық – денсаулық болғанымен, дені сау адамның төрт қабырғаға қарап, қол қусырып отыруы мүмкін емес. Жақынына жанашыр болып отырар ма еді, егер елімізде толық жағдай жасалған болса?!

Есесіне халықты жұмыспен қамту орталықтары үздіксіз қызмет етіп, жұмыссыз қалған мамандарға көмек көрсетуде. «Адырна» ұлттық порталы осыған байланысты Жұмыспен қамту орталығы жайлы ақпараттарды назарларыңыға ұсынады. Сіздердің де қажеттеріңізге жарап, септігі тиетініне сеніміміз мол.

Халықты жұмыспен қамту орталығы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыс істейді. Орталықтар аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жергілікті атқарушы органдармен  бірге 2011 жылы құрылған. Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа және жұмыс берушілерге қызмет көрсетеді.  Сонымен қатар мұндағы барлық қызмет халыққа тегін ұсынылады. Орталықтарда арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс істейді және бірыңғай жұмыс стандарттары қолданылады.

Алматы қаласының тұрғындары үшін іске асырылатын арнайы бағдарламалар бар. Соның бірі –  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы». Бұл жөнінде Алматы қаласының ресми интернет-ресурсында мынадай ақпарат берілген:

Бұл бағдарламаға кім қатыса алады?

Халықты жұмыспен қамту орталығы қажетті білікті мамандарды іріктеуді жүзеге асырады және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын жұмыссыздарды жібереді, ал қажет болған жағдайда жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша тиісті жұмыстарды орындау үшін кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте 29 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға басымдық беріледі.

"Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" шеңберінде жұмысқа шығуға дайын азаматтарға жұмыс орнына келгеннен кейін бірден 2 АЕМ немесе 85 мың теңге мөлшерінде "көтерме" берілетін болады. Орнына емес, тұрақты жалақыға қосымша. Бұл ретте орташа жалақы мөлшері 120 000 теңгені құрайды.

Жұмыссыз алматылықтар тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Бірінші кезекте жөндеу немесе құрылыс жүргізілетін ауданда тұратын азаматтарға, мысалы, мектептер, ауруханалар немесе тұрғын үйлер мемлекеттік қаражат есебінен беріледі.

Толық ақпаратты Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының Www.Cz-Almaty сайтының «ЖЖК 2020» бөлімінен көруге болады.

Сонымен қатар жас түлектерге де арнайы бағдарлама қарастырылған:

Жастар жылының шеңберінде Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы сізді «Жастар Тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға шақырады.

Жастар тәжірибесі білім алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін білім беру ұйымдарының түлектері үшін ұйымдастырылады.

Түлектер әртүрлі меншіктегі ұйымдарда жастар практикасынан өтеді, оның ішінде, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымына кіретін департаменттер мен ведомстволар, Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ жеке фирмалар бар. Мұндай ұйымдардағы тәжірибе жас маманның келешектегі мансабы үшін жақсы негіз болып табылады.

Жастар практикасына 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде жіберіледі.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы 6 айға дейін.

Төлем 63125 теңгені құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалысты өтеуді, сондай-ақ банктік қызметтерді), ай сайын жұмыспен қамту орталығы жасайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қ. Жұмыспен қамту орталығына, Назарбаев көшесі, 50, Жібек Жолы көшесінің қиылысына хабарласыңыз.

Тел.: 391 09 27, 224 20 00.

E-mail: centr_almaty@mail.ru

Бұдан бөлек Жұмыспен қамту орталығының көмегімен мүмкіндігі шектеулі 14 алматылық өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асырған. Жүздеген студент қызметке орналасып, жұмыссыз аналардың тегін оқып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік қарастырылған.

Бұл – сіздің де мүмкіндігіңіз. Бәлкім осы арқылы өз ісіңіздің нағыз маманы болатын шығарсыз. Ал біздің сеніміміз мол!

 

Жансая Сман,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар