Бұл – білмейтіндерге емес, білгісі келмейтіндерге арналады!

4263
Adyrna.kz Telegram

Ана тілі-жәй тіл емес, бай тіл, қазақ халқының өткені, бүгіні мен ертеңі. Қазақ тілі өзінің заңғар тауларындай биік те мәртебелі, даласындай сұлу да бейнелі. Қазақ сөзі қашанда жәннат мекен, өркениетті халық ұғымымен астасқандай.

Тіліміз білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келді. Ана тілі анамыздың ақ сүті, әкеміздің қомқорлығынан, ата-әжеміздің шексіз сүйіспеншілігінен бастау алады. Тіпті халық тәуелсіздігінің де басты бір белгісі-ана тілі, ұлттық мәдениет екені хақ. Тілі мен діні, ұлттық сипаты нашар елдің болашағы бұлыңғыр, күні қараң. Ондай ұлт, ондай халық ел болуды былай тұрсын қадір-қасиетінен айрылмақ.

Меніңше, әрбір елдің қаруы ол – тілі. Тілдік деңгейі төмен мемлекет ығысып бір шетте қалады. Ақыр аяғында жойылып жоқ болады. Бүгін болған іс – ертең ұмыт. Тіліміздің бай, сай-салалы екендігіне қарамастан кей жерлерде тілдік дәреже түсіп жатады. Олай дейтінім, қандастарымыздың туған жерінде ғұмыр кешіп жатса да, туған тілінде сөйлемейтіні. Соларға қарап, іштей қынжыласың да қоясың. "Тілін білмейтіндерді емес, білгісі келмейтіндерді - мәңгүрт", - дейді дана халқым. Бұл сөзді естісек кәдуілгі сөз секілді мән бермейміз. Ал енді бұл сөздің мәнісіне тоқталсақ: біреу білсе, біреу білмес. Мәңгүрт деп адам бойында ұлттық, мәдениет пен құндылықтардың, адамгершілік қасиеттердің жойылуын айтады.

Мәңгүрттік ата жұрттың тарихын, ұлттық құндылығын, салт-дәстүрін білмеуден, жо-жоқ тегінде бәрін мансұқ ету секілді құбылыстардан туындайды. Әрбір азамат өзінің болашағының жарқын болғанын қалайтыны белгілі. Егер жарқын болашақты қаласаңыз болашақ пен тіл, ұлттық мәдениет сөздерін байланыстыруды үйреніңіз!

Ақыл Ғалымзат,

Алматы қаласы

Пікірлер