ҚР Президенті Қ.Тоқаев мырзаға
АШЫҚ ХАТ!
ҚАЗАҚСТАНДЫ МЫНА ЖАҒДАЙДАН АЛЫП ШЫҒАТЫН ТЕК БІР ҒАНА ЖОЛ КӨРІП ТҰРМЫН
1) Президент шұғыл түрде ТЖ (Төтенше жағдай) жариялауы керек.
2) Республикалық, облыстық, аудандық т.б. ТЖ штабтары құрылуы керек.
Сол штабтар мемлекетті басқаруды толық қолына алуы керек. Тіпті облыс, аудан басшыларына дейін, толық жергілікті ТЖ штабына бағынуы керек болады.
Жергілікті ТЖ штабтарын басқаруға, туындаған мәселелерді жылдам әрі терең бағамдауға қабілетті, шұғылда батыл шешімдер қабылдай алатын жауапкершілігі жоғары азаматтар таңдалуы керек.
3) Президент ТЖ кезінде елді заңдармен емес, жарлықтарымен басқаруы керек.
ТЖ штабы туындаған мәселелер бойынша шұғыл шешімдер шығарып, президент сол бойынша тиісті жарлықтар шығарып отыруы керек.
Бұған дейінгі қолданыстағы заңдарға ТЖ штабының шешімдері бір-біріне қарсы келіп жатса, онда ТЖ штабының шешімімен Президент жарлығы қолданыстағы заңдардан жоғары тұруы керек.
Бұл өз кезегінде жағдайға байланысты шұғыл шешімдер қабылдап, туындаған мәселелерді ешқандай заңдарға жалтақтамай шұғыл шешіп отыруға мүмкіндік береді.
4) ТЖ штабына нұсқау беріп отыратын, ең білікті деген дәрігерлерден жасақталған арнайы колегиялық кеңес құрылуы керек.
Әрбір өңірде кіші кеңестеріде жұмыс жасауы керек. Олардың онлайн режимде шұғыл ақпараттар алмасып отыруларына толық жағдай жасалынуы керек.
Жасаған қортындылары респ.қ кеңестің базасына жинақталып, жоғарғы коллегиялық кеңестің күнделікті шешімдерінде пайдалануларына мүмкіндігі болуы тиіс.
5) Мемлекеттік бір телеарнаны толық ТЖ Штабының құзіретіне беруі керек.
Ол жерде күнделікті атқарылып жатқан жұмыстар мен жарлықтар, шешімдер жайлы, дәрігерлердің ақыл-кеңестері жайлы 24 сағат бойы көрсетілуі керек.
Әрбір өңірдегі жергілікті бір телеарна мен радио ТЖ штабының құзіретіне берілуі тиіс.
6) "ТЖ мемлекеттік қоры" құрылып, бұл қорды президент тікелей басқаруы керек.
Мемлекеттік сатып алу мен тапсырыстар, құрылыс, жол, абақтандыру сияқты мақсаттарға, бұған дейін бюджеттен бекітіліп қойған қаржы ағымдарын дереу тоқтатылып, бюджет шұғыл түрде қайта қаралуы керек.
Індетпен оның салдарымен күреске арналмаған қаржылардың барлығы дерлік, ТЖ штабының шешімімен толықтай "ТЖ қорына" құйылуы керек.
ТЖ штабының шешімімен бұл қаржыларға мемлекеттік ауруханалармен зертханаларға шетелден дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен білікті мамандар тобын алдыруға, т.б. қажеттіліктерге жұмсалуы тиіс.
7) ТЖ штабының шешімімен "Азық-түлік қоры" құрылуы керек.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші дихандарға жан-жақты қолдау жасалынып, оларға кедергі келтіруші кез-келген мәселені шұғыл шешіп отыруы керек.
8) Жергілікті қоғамның белсенді азаматтарынан ТЖ штабымен әртүрлі бағыттарда бірлесе әрекет жасайтын топтар жасақтау керек.
Бұл топтарды азық-түлік, дәрі-дәрмек, коррупциялық, дезинфекция т.б бағыттарға бөліп, олардың заңбұзушылықтарды бақылап анықтау жұмыстарын жүргізуіне ТЖ штабының шешімімен, тікелей ТЖ штабына бағынатын "Ерекше мандат" берілуі керек. Кез-келген кедергі келтіруші тұлға соғыс жағдайындағы заңмен жазалануы керек.
9) Парламент жұмысын тоқтатып, депутаттарды өңірлердегі ТЖ штабтарына кеңесші-бақылаушы етіп жіберілуі керек.
10) ТЖ кезінде халықтың несиелері уақытша толық тоқтатылуы керек.
Бұл қиналған халықтың жүйкесіне түсетін орасан зор салмақтан құтқарады. Онсызда банктердің жыл сайын инфляция салдарынан көрген шығындарын мемлекеттік бюджеттен жауып отырмыз. ТЖ-дан індетті жеңіп шықсақ, тағыда мемлекеттік бюджеттен банктердің шығынын жауып берерміз. Бұл соншалықты қиын шаруа емес.
Ал ағайын!
Азаматтық парызым бойынша өз ұсынысымды жазып отырмын.
Қазіргі еліміздің ахуалына қарап, осы дүрбелеңнен алып шығар басқа жолды көріп тұрған жоқпын. Дәл қазір халық тұрымтай-тұсымен, қарақан-басымен кеткендей болып тұр.
Жоғарғы жақ қабыл алса қанекей!
Тым болмаса ой қосқаным болар!
Рустем Ашетаев 87022752010
Рүстем Ашетаев, журналист, қоғам белсендісі