Белгілі академик Молдағали Матқанұлы дүниеден өтті

4452
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматыда 81 жасқа қараған шағында Алаштың көрнекті азаматы, әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы «Жер және Қазақ тағдыры» комитеті төрағасының орынбасары, Халықаралық Мұстафа Кемал Ататүрік атындағы «Алтын» медалінің иегері, Қазақстанның Құрметті Журналисі, Әл Фараби атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, публицист-жазушы, саясаттанушы, академик, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Молдағали Матқанұлы Матқан дүниеден озды.

 

Молдағали Матқанұлы 3 қаңтар 1940 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келді. Ол 1969 ж. Алматы зооветинститутын бітірген. Институтта оқып жүрген кезде ОК комсомолда, шетелмен байланыс орнату Достық үйінде қызметтерді қоса атқарды.

1973 ж. аспирантурада оқып, кандидаттық диссертацияны мерзімінен ерте аяқтады. 1973 ж. ҒА-ның микробиологя және вирусология институтына конкурс негізінде ғылыми қызметке орналасып, сол институттың кәсіподақ ұйымын қоса басқарды. 1977 ж. ҚП ОК жанындағы республикалық «Білім» қоғамында лекциялық үгіт-насихат бөлімінің бастығы, 1981 ж. «Кітап» қоғамында өндіріс-баспа бөлімінің бастығы, «Луч» өндірістік бірлестігінің бас директоры болды.

1990 жылдан «Ақниет» Халықаралық көпсалалы Орталығының президенті қызметін атқарды. 2005 жылдан  «Алтын адам» ЖШС президенті, директорлар Кеңесінің төрағасы, ал 2007 жылдан Халықаралық гуманитарлық инвестициялық «Шақшақ Жәнібек Тархан» қорының бас директоры қызметін қоса атқарды.

 «Жасай бер өмір», «Елім қайтіп күн көрер?!», «Намыссыз ұрпақ – күрессіз құрымақ», «Аждаһалы апат», «Тектілік табындырмай қоймас», «Асылдан, Қазақ!», «Ұлы даланың ұлымын» сынды т.б. 15 кітабы, 500-ден астам халықтық, ұлттық көкейтесті өткір мәселелерге қатысты ғылыми-публицистикалық, тарихи-пәлсапалық, сыни мақалалары жарық көрді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер