Балаларды қарбыздың қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды (видео)

2964
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының полицейлері балаларды қарбыздың қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адамды тапты. Мәліметті  Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің назарына аузына келген былапыт сөзді айтып, екі кішкентай ұл баланы балағаттап, оларға қарбыздың қабығын жегізіп, соны өзі видеоға түсіріп тұрған азаматтың бейнежазбасы ілікті.

Бір тәулік ішінде полицейлер қоғамдық резонанс тудырған бейнежазбаның авторын анықтап, ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Бейнеге түсірілген жайт 2019 жылдың тамыз айында болған. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары полицияға аталмыш құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін арыз беруге ниетті екендіктерін жеткізді", - делінген.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер