Айя-София мұражайы мешітке айнала ма?

3544
Adyrna.kz Telegram

Түркияның жоғары әкімшілік соты Стамбұлдағы қасиетті София мұражайының атауын өзгертуге байланысты тыңдауды аяқтады. Енді Айя-София әрі қарай музей бола ма, әлде мешітке айналады ма, 15 күн ішінде белгілі болады.

Ұзақ уақыттан бері Түркия президенті Режеп Ердоған музей атауын мешіт деп ауыстыруды ұсынып келеді. Бірақ атауды ауыстыру жөнінде әкімшілік сотқа ресми түрде белгісіз қауымдастық жүгінген. Онда Түркия мемлекетінің негізін салған Кемал Ататүріктің Айя-Софияны мұражайға айналдыру жөніндегі құжатының күшін жою талап етілген.

Айя-София кесенесі VI- ғасырдың 30-жылдарында Византия императоры Юстинианның заманында салынған. Ол мыңдаған жылдар бойы христиан әлеміндегі ең ірі шіркеу болған. 1453 жылы Константинопольды Осман империясы басып алғаннан кейін, шіркеу айналасына төрт құбыла салып, мешітке айналдырған. Айя-София 1934 жылы мұражайға айналды. 1985 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді.

Түркияда көпшілігі Айя-София кесенесін зайырлы мемлекеттің белгісі ретінде көреді. Оппозициялық партиялар Ердоған елдегі экономикалық проблемалардан халық назарын мұражай төңірегіндегі дауға бұрып жатыр деп есептейді.

Жыл сайын бұл мұражайға миллиондаған туристер барады. Тек былтыр ғана 3 млн 700 мың адам барған.

Құрама Штаттар Түркияны Айя-София мұражайы мәртебесін сақтап қалуға шақырды деп жазады Reuters.

Centralasia.org

Пікірлер