Жазылған барлық жайттар негізсіз

594

 "Адырна" ұлттық порталында Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары  Нефедоваға қатысты бірнеше мақала шықты. Біз әдеттегідей қарсы тараптың айтар уәжіне де сөз беретінімізді мәлімдейміз. Бұл жолы «Екібастұздағы он бес мыңның «жыры» мақаласына  терістеу  жауап келді. Хатты сол күйі ұсынып отырмыз.

Теріске шығару талабы

«Aдырна» ұлттық порталында 2020 жылдың 29 маусымында Асуан Тайжанның атынан жарияланған «Екібастұздағы он бес мыңның «жыры»» атты басылымында  ақиқатқа жанаспайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 19-бабына, сондай-ақ ҚР ҚК 130-бабына сәйкес  теріске шығаруды және төмендегі ақпаратты жариялауыңызды сұраймыз (жауабымыз):

- Іле, сол жылдың қазан айында, Абай есіміне ие болған осынау мектепте ұлы ақынның (2020 жылы аталып өтуге тиіс) мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті. Бұл өзі аты «халықаралық» болғанымен, заты беймәлім шара болды. Беймәлім дейтініміз, Екібастұз қалалық білім бөлімінің ресми парақшаларында бұл шара біресе «фестиваль», біресе «халықаралық конференция» болып жазылды. Фестиваль мен конференция екеуі екі түрлі нәрсе.

2019 жылдың қазан айында Екібастұз қалалық білім бөлімінің рұқсаты бойынша Солнечный кентінде орналасқан Абай атындағы №28 мектепте Инновациялық Еуразия университетінің Біліктілікті арттыру институтының  педагог мамандардың біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес «Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Халықаралық педагогикалық идеялар фестивалі: Абайдың гуманистік ойлары қазақстандық білім берудің негізі ретінде» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Рас, 2020 жыл - Абайдың 175 жылдық мерейтойы, сәйкесінше үстіміздегі оқу жылындағы іс-шаралар жоспарында Ұлы ақынға арналған шараның екі-үш ай бұрынырақ қамтылуының еш сөкеттігі жоқ деп есептейміз.

Бұл өзі аты «халықаралық» болғанымен, заты беймәлім шара болды. Беймәлім дейтініміз, Екібастұз қалалық білім бөлімінің ресми парақшаларында бұл шара біресе «фестиваль», біресе «халықаралық конференция» болып жазылды.

Шараға «халықаралық» атау берілуіне себеп болған - шетелден келген ғалымдар. Қазіргі кезде білім саласында болып жатқан жаңалықтармен өз ойларын бөлісе келген шетелдік әріптестеріміздің келуі  шараның мазмұнын ашты деп ойлаймыз. Шетелден келген әдіскер ғалымдарың саны – 5 адам.

Фестиваль деп атауымыздың себебі: фестиваль аясында ғылыми жұмыстар ғана емес, сондай-ақ, оқушылар мен мұғалімдер тарапынан дайындалып әкелінген түрлі тақырыптағы жобалар, шығармашылық жұмыстар/есептер, роботехника секциясы жұмыстары, ән-күй/сахналанған шығармалар, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайыстарына қатысты жұмыстар тыңдалып бағаланды. Аталған сайыстардың қорытындылары бойынша әділқазылар алқасы сол күні алдын ала дайындалып әкелінген  дипломдармен жеңімпаздарды марапаттады.

 

Жалпы, кез келген есі дұрыс конференция өтер алдында ақпараттық хат таратылады. Онда жарнаның сомасы көрсетіліп, төлейтін реквизиттері жазылады. Содан соң қатысушының қолына не берілетіні жазылады.

Жылына 1 рет өткізілетін осындай дәрежедегі іс-шара алдын ала ақпараттық хаттарды таратумен ұйымдастырылады. Аталмыш шараның ақпараттық хаты өз кезегінде 30 қыркүйектен бастап барлық аудандық, қалалық білім бөлімдері мен мектептерге жіберілді.Дәлел қағаздары бар.

 

Шараға қатысу үшін мұғалімдер қауымынан, анықтасақ, мұғалім басынан 15 мың теңгеден жарна жиналды. Және білгеніміз, Екібастұз өңірінен (басқа аймақтан келгендерді айтпағанда) конференцияға қатыспай, жарна төлемей қалған мұғалім кемде-кем. Қатысу жарнасы неге осыншама көп, ондай ақыны кім белгіледі – әлде Білім және ғылым министрлігі ме екен? Біз осыны білгіміз келеді. Жергілікті мұғалімдердің айтуынша, әр қатысушыға (он бес мыңды төлеушіге) бес түрлі сертификат беріледі деп уәде етіліпті. Бірақ бесеу тұрмақ біреуіне де қолы жетпей, ақшасы далаға кеткендер көп. Олар конференцияға қатысқан-қатыспағанын немен дәлелдейтінін білмей дал.

ИнЕУ басшылығы тарапынан бекітілген бағасы көрсетілген құжат бар.

 

Әдетте мүйізі қарағайдай университеттер ұйымдастыратын халықаралық конференцияға қатысу жарнасы 5 мың теңгеден аспайды. Өйткені мұғалімдердің миллионер емес екені жалпақ жұртқа бесенеден белгілі.

Әр сертификатты жеке шаққанда 1 сертификат құны 3 мыңнан аспайды. Оның ішінде халықаралық сертификат та бар.

Шараға қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың барлығы арнайы журналға тіркеліп, қатысушылар тізіміне сәйкес  бұйрық шығарылды (бұйрық №1542-04/189, 18.10.2019ж.) Шараға қатысамын деп тіркеу журналына (тіркеу журналы мұғалімдерге жеке, оқушыларға жеке арналған) енгізілген мұғалімдер мен оқушылардың барлығы бұйрыққа енгізілді. Бұйрық №1542-04/189, 18.10.2019ж. Осы бұйрық негізінде барлық мұғалімдерге 4 сертификаттан таратылды. Ал  5-ші сертификат деп тұрғаны – ол жұмыстардың нәтіижесі бойынша сол күні әділқазылар тарапынан белгіленген І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом.

Шараға қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың материалдары бойынша жинақ шығарылды. Жинақ өз алдына. Айта кететін жайт, жинақ бірден дайын бола алмайды, себебі жиналған материалдар тексеріледі, түзетіледі, бағыттары бойынша топтастырылады.

 

Жарна қатаң түрде банк арқылы қабылданып, соңынан қатысушыға міндетті түрде Алғыс хат (немесе сертификат) беріледі.

Қатысушылардың банк арқылы төленген жарналары туралы құжаттар (квитанция/чек және чек нөмерілері жазылған тізім) Инновациялық Еуразия университетінің  есеп бөліміне тапсырылды.

 

Сонымен қатар, қағаз немесе электронды түрде жинақ шығуы керек. Халықаралық деп «ен» тағылған конференцияда ондай жинақ міндетті түрде болуы керек.

Жинақ шықты, электронды және қағаз түрінде бар.

Солнечный мектебінің алдында (ішінде) орналасқан үстелде отырған тіркеушілерге бере салған.

Қатысушылардың қолдары  қойылған тіркеу журналы бар.

 

Олай болса, олардан түскен ақшаны шараның басы-қасында жүрген білім бөлімі басшысының «бас ақылшысы» Наталья Нефедова (Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары), Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Жазира Хамзабаева және Инновациялық Еуразия университетіне қарасты педагог мамандар біліктілігін арттыру орталығының директоры Майжан Шакарманова қайда жіберді екен? Ұйымдастырушылар тізімінде тұрған ҚР Кіші ғылым академиясының еншісіне неше теңге жұмсалды?

Халықаралық фестивальдің сәтті өтуіне атсалысқан отандық ғалымдарды атап өткіміз келеді. Олар ҚР Кіші ғылым академиясы беделді ғалымдары мен қызметкерлері. Оларға ешқандай қаражат бөлінген жоқ, жыл сайын болатын халықаралық шараларға өз үлестерін қосқандары болмаса, атап айтқанда, Сатылай кешенді оқыту технологиясының авторы Н.А.Оразахынованың тікелей қатысуымен мұғалімдер арасында да, оқушылар арасында да олимпиадалар өткізілді.

Ұйымдастырушылардың бірі ретінде аталған Инновациялық Еуразия университетінің ресми сайтынан осы конференция туралы толыққанды ақпарат назарымызға ілікпеді. Қайта ұйымдастырушы тарап оны ел назарына түсірмеуге, жылдам ұмыттырып жіберуге тырысқандай көрінді...

Кәсіби қоғамдастық аясында жұмыс жасап жүрген педагог мамандар «Халықаралық педагогикалық идеялар фестивалі: Абайдың гуманистік ойлары қазақстандық білім берудің негізі ретінде» атты халықаралық фестивальдың маңыздылығын жоғары бағалаған. Халықаралық фестиваль барысында талқыланған педагогикалық идеялар туралы аймақтық білім беру кеңістігінде жағымды пікір қалыптасты. Мақалалар шықты.  Монголиядан келген Қ.Жылқайдардың жеке парақшасында да жазылған.

http://ineu.kz/anonsy/292-programma-mezhdunarodnogo-festivalja-mezhdunarodnaja-tribuna-pedagogicheskih-idej-gumanisticheskie-idei-abaja-kak-osnova-kazahstanskogo-obrazovanija-posvjaschennyj-175-letiju-velikogo-abaja.html
http://ineu.kz/novosti-i-sobytija/459-v-jekibastuze-dan-start-prazdnichnym-meroprijatijam-posvjaschennym-prazdnovaniju-175-letija-velikogo-pojeta-abaja-kunanbaeva.html
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2122326514535725&id=100002751919748

Тағы бір байқап қалғанымыз, осы университетке қарасты педагог мамандар біліктілігін арттыру орталығының директоры Майжан Шакарманова анда-мында жылтыңдап ақылы семинар өткізуге дағдыланған екен...

Мұғалімдердің, мектеп басшыларының, аудандық немесе қалалық білім бөлімдерінің сұранысы бойынша біліктілікті арттыру курсы, семинар, тренингтерді өткізу – бүкіл әлемдік тәжірибе. Аймақтық білім беру ұйымдарының педагог мамандары үшін де, шетелдік әріптестеріміздің сұранысы бойынша да аталмыш курстарды өткізіп жүрміз (Мәскеу, Стамбул, Баку, Уфа). Бұл жұмысты ұйымдастырып жүргеніміз  біреулерге басқаша көрінгені өкінішті-ақ!

 

Тек бізге бұдан бұрынғыдай «өйтті-бүйтті» деген сылдыр сөзбен жазылған жауап емес, банк анықтамалары, түбіртектер, тіркеу журналы, шыққан жинақтың фотосы, ұйымдастырушы тараптың жарнаны 15 мың теңге етіп белгілеу себебін айғақтайтын хаттама, келген-кеткен қонақтардың билеттері, ас-суының шығынына жұмсалған қаражат анықтамалары сияқты нық құжаттардың көшірмелері керек! Аталған құжаттар көшірмесі, яғни фотосуреттері кеше 29.06.2020ж. жіберілді.

Құрметті «Адырна» порталының редакциясы, ИнЕУ БЖИ жұмысын негізсіз айыптап отырсыздар, аталмыш мақаланың мазмұнына байланысты көп келіспеушіліктеріміз бар. Жазылған барлық жайттар негізсіз.

 

ИнЕУ, Біліктілікті жетілдіру институтының директоры М.П.Шакарманова

Пікірлер
Редакция таңдауы