Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады. Пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған ойындар көрерменсіз өтеді. Айта кетейік, үзіліс кезінде "Ертіс" футбол клубы қаржы тапшылығына байланысты ел біріншілігіне қатысудан бас тартқан болатын.
Нұр-Сұлтанның "Астана" футбол клубы қарсыласы жоқ болғандықтан бұл турда ойнамайды.
Қазақстан премьер-лигасының 3-тур ойындары бес қалада өтеді.
18:00-де "Қайрат"(Алматы) – "Жетісу" (Талдықорған), "Тобыл" (Қостанай) – "Каспий" (Ақтау), "Қызыл-Жар СК" (Петропавл) – "Оқжетпес" (Көкшетау) командалары ойнайды.
20:00-де "Ордабасы" (Шымкент) – "Шахтер" (Қарағанды), "Қайсар" (Қызылорда) – "Тараз" (Тараз) командалары кездеседі.
Екі турдан кейін "Астана" 7 ұпаймен бірінші, "Қайрат" пен "Қайсар" 6 ұпайдан еншілеп, екінші және үшінші орында келе жатыр. "Оқжетпес", "Ордабасы", "Астана" және "Қайрат" командалары 3 ойыннан өткізген.
Елімізде футбол маусымы қайта жалғасып жатқан кезде ұлттық құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды. Ұлттық Олимпиадалық комитет жанындағы жедел штаб осындай шешім қабылдап отыр.
Өткен айда ел намысын қорғайтын спортшылар кешенді әзірлікке кірісіп, еліміздің түкпір-түкпірінде 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылған. Спорттық нысандар санитарлық талапты қатаң сақтаған.
"Адырна" ұлттық порталы