Шымкенттік Айсұлу Оспанова «Үздік сабақ - 2020» жеңімпазы атанды

2978
Adyrna.kz Telegram

Республикалық «Үздік сабақ - 2020» онлайн байқауында Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова жеңімпаз атанды.
Байқауға еліміздің барлық өңірінен тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқытушылары қатысқан.
Екі айға созылған байқауда тіл үйренушілердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға арналған деңгей талаптарына сай тапсырмалар беріліп, үздік деп танылған 8 жұмыс межеге шыққан. Нәтижесінде Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова бас жүлдені иеленді.
Айсұлу Тойшыбекқызы орталықта 2009 жылдан бері қазақ тілі мұғалімі болып қызмет атқарады. Қазіргі кезде латын әліпбиінің түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жүрген білікті маман.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер