Қайрат Жолдыбайұлы: Қатаң карантин керек пе?

3555
Adyrna.kz Telegram

Қатаң режимдегі карантин керек пе? Әлде оған жұмсалатын қыруар қаржыны халықты сақтандыру, аурудың алдын алу бағытындағы ақпараттандыруға, ауырған азаматтарды тез сауықтыруға (спорт кешендері мен қонақүйлерді емханаға айналдырып, керек құралдармен жабдықтауға, отандастарымызды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге) жұмсаған тиімді ме?

Карантин кезінде ақпараттандыру бойынша толықтай ұтылдық. Халықтың көпшілігі тіпті ковидтің бар екендігіне күмәнмен қарады. Сондай-ақ, бөлінген қыруар қаржыны да тиімді пайдалана алмадық. Нәтижесі нөл. Демек қаржы далаға, сай-салаға кетті. 42500 теңгені тарату кезінде де халықтың көптеп шоғырлануына жол бердік. Медицинамыздың мүлдем дайын еместігін көріп отырмыз. Азаматтарымызды емдеу былай тұрсын, ақылы болса да тест тапсыра алмай отыр. Тапсырғандары нәтижесін біле алмай жатыр. Ауыруханадағы жағдайды айтпай-ақ қояиын.

Меніңше қатаң карантин қажет емес. Халық онсыз да барынша сақтануға дайын. Одан көрі ақпараттандыруға, ауырған азаматтарымызды тездетіп сауықтыруға көңіл бөлу керек. Қаржыны керек дәрі- дәрмекті барынша арзандатуға, жылдам әрі арзан тест тапсыру мүмкіншілігіне, медициналық қажетті құрал-жабдыққа бөлу керек.

Қайрат Жолдыбайұлының Фейсбук парақшасынан

Пікірлер