Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады

3056
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті Қ.Тоқаев  коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңестің отырысын өткізіп жатыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы жариялады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады, "- деп жазды Берік Уәли.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А.Жұмағалиевке ескерту жасады.

Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер