Ресей түрмесінде 24 тәжікстандық аштық жариялады

2667
Adyrna.kz Telegram

Мордовияда абақтыдан шығып, бірақ қайтадан уақытша тергеу изоляторына қамалған Тәжікстанның 24 азаматы аштық жариялады.

Сәуір айында олардың қамаудағы мерзімі аяқталып, бірақ коронавирус пандемиясынан кейін Тәжікстанға жөнелтілмей қалған.

"Тәжік және орыс билігінің тиісті органдарына наразылық білдіріп, аштық жариялап жатқанымызға екі күн болды, тек су ішіп жатырмыз. Мұнда жағдай мәз емес. Елшілік Ресейдің федералдық миграция қызметі билет сатып алып беріп, депортациялайтынын айтқан", - дейді Илхомжон Зарифов есімді тәжік азаматы.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі бұл жағдайдан хабардар екенін, өлке азаматтары мүмкіндік болғанда бірден еліне жіберіледі деді.

Кейбір мәліметке қарағанда, Мордовиядағы түрмелерде мыңға жуық тәжікстандық қамауда отыр. Олардың біразы түрме қызметкерлері тарапынан зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған. Жалпы Ресейдің ресми ақпаратына сәйкес, ел аумағында сотталып, түрмеде отырған тәжік азаматтарының саны 10 мыңға жетеді.

Centralasia

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер