Шымкент еріктілері залалсыздандыру жұмыстарына көмектесуде

2762
Adyrna.kz Telegram

 Шымкент қаласында бүгінге дейін коронавирус инфекциясымен ауырған 1404 азамат тіркелген. Бұл ретте қауіпті індеттің алдын алу үшін шаһарда дезинфекция жұмыстары күшейтілген.

Мысалы, Қаратау ауданы аумағындағы адам көп шоғырланған орындарды дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Яғни, саябақ, аллея, сквер сынды демалыс орындары толықтай індетке қарсы залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстары да атқарылуда.

Егер өзіңіз тұратын үй ауласында дезинфекциялау керек болса, жергілікті әкімдікке хабарласуларыңызға болады.

Дезинфекция жұмыстарын күшейткен Шымкент қаласының әкімдігі еріктілер мен әскерилердің күшімен ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық орындарды залалсыздандырып, ауыр жүк көліктерімен көшелерді санитарлық тазалауда. Мегаполистегі барлық көшеге 20 бағыт бойынша 20-дан астам техника жұмылдырылған. Бұл тізімге аялдамаларды залалсыздандыру да енгізілген.

Шымкент

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер