Арменияның министрлері  көшеде халыққа бетперде таратып жүр (видео)

3313
Adyrna.kz Telegram

Арменияның Денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамдарға бетперде (маска) таратты.  Бұл туралы  www.panorama.am/ru порталы ақпарат жариялады.

Ереванның Шенгавит әкімшілік ауданында жолай кездескен тұрғындардың әрқайсысына  бетперде берген Денсаулық сақтау министрі індет жайлаған кезеңде бұл акцияның сәл де болса пайдасы тиетінін айтты.

–Бүгін біз көшеге шығып, халыққа бетперде таратамыз. Ел аз да болса мұның пайдасы болатынын түсінуі тиіс. Сондықтан да бұл ацияны халықтың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырып отырмыз,- деді Арсен Торосян фейсбукте жазған жазбасында.

Бұл шара  бірінші рет жасалынып отырған жоқ. Осыдан біршама уақыт бұрын Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян халық көп жүретін ауданда тұрғындарға бетперде таратқан. Енді міне бұл акцияны қалған шенеуніктер жалғастырып әкетті.

Ереванның бірнеше ауданында бүгін елдің вице-премьері Мгер Григорян, полиция басшысы Ваге Казарян,  премьер-министрдің аппарат жетекшісі Эдуард Агаджанян, Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян, Инфрақұрылым және аумақтық басқару министрі Сурен Папикян, Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министр Заруи Батоян және тағы басқа шенеуніктер халыққа бетперде таратты.

Ескерте кетейік, коронавирус Арменияда да өршіп тұр. Бүгінгі күнге дейін аталған аты жаман індеттен ауырып жатқандардың саны елде 21717 адамға жетті. 10797 адам бұл аурудан жазылып шықты.  Ал 516 адам коронавирустан қайтыс болды.

Еркін Қалдан, «Адырна» ұлттық порталы

Сілтемеден видеосын тамашалауға болады.

https://www.facebook.com/watch/live/?v=1340239006165522&ref=notif&notif_id=1592920590624548&notif_t=live_video

 

Пікірлер