23 маусым күні Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Гүлістан қаласында бір айлық нәрестені 18 мың АҚШ долларына сатпақ болған екі әйел ұсталды. Бұл туралы Centralasian хабарлады
Сырдария облысы ішкі істер басқармасының ақпараты бойынша, ұсталған екі әйелдің бірі - сәбидің анасы, екіншісі - бала сатуда делдал болып жүрген әйел.
Дәлел ретінде ақшасы тәркіленген. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.
1 мамырда дәл осы аймақта Сардоба су қоймасы жарылып, елді-мекенді су басқан. 70 мың адам көшірілген. Апаттан 4,5 мың отбасы баспанасыз қалды.
Бұл апаттың кесірі Түркістан облысының Мақтаарал ауданына да тиген. «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының дерегінше 200-ден аса үйге қатты зақым келген. Бүлінген үйлердің жалпы саны 800-ден асатын көрінеді. Тағы да айта кететін жәйт, 7 мың гектардан аса егістік жерді су алып, 300 дей мал қырылып қалған.
Қазір арнайы коммисия зардап шеккен тұрғындарға өтемақы беруді бастап кеткен.
"Адырна" ұлттық порталы