Викингтердің арғы тегі Қазақ Даласы

5196
Adyrna.kz Telegram

Батысқа, Еуропаға қоныс аударған және еуропалықтардың өмірінің мәнін мәңгілікке өзгерткен Орталық Азияның ежелгі әскери тайпаларының ДНҚ-на қатысты 2018 және 2019 жылдары екі маңызды ғылыми мақалалар жарияланды. Скандинавиялықтардың бәрінің арғы тегі Орта Азия  екендігі және 50% -дан астамының түбі қазіргі Ресей мен Қазақстан екендігі бізге белгілі болды. Сонымен қатар, ДНҚ-ның соңғы талдаулары қола және темір дәуірінде күтпеген жерден Шығысқа, Еуропадан Орталық Азияға қоныс аударғандығын көрсетті, бұл қазіргі Орталық азиялықтардың Солтүстік Еуропада тұратын халықтармен көптеген байланыстарын дәлелдейді.
Мен ДНҚ материалдарын жинаған зерттеу тобын басқардым. Біз генетиктермен, лингвистермен, археологтармен және тарихшылармен бірлесіп жұмыс жасадық. Біз ертедегі лингвистикалық дәлелдер мен үнді-еуропалықтардың шығу тегі туралы негізгі теорияларды, урейматалық гипотеза, мыс-тас және ерте қола дәуірінде шамамен алты мың жыл бұрын ата-бабалар үйінде өмір сүрген үнді-еуропалық тілдің ана тілі туралы жақсы білетінбіз. Бірақ Қазақстанда біз тек жұмыс жағынан ғана жетістікке жеткен жоқпыз. Менің осы керемет елдегі жеке тәжірибем уақыт, қашықтық және тарих ұғымдарының анықтамасына көзімді ашты, ал шын мәнінде мен ғалым ретінде және тұлға ретінде жетілдім.

Қазақстанда адамдар маған: «біз құрлықтағы көшпенділерміз, ал сендер теңіздегі көшпенділерсіңдер» деді. Бұл шынымен солай.

Скандинавиядағы ежелгі дәстүрлерді әлі күнге дейін ұстайтындар қазіргі скандинавтар мен көшпелілер арасында көп ұқсастық тапқан. Қазақстанда адамдар маған: «біз құрлықтағы көшпенділерміз, ал сендер теңіздегі көшпенділерсіңдер» деді. Бұл шынымен солай. Қазақстаннан Солтүстік Еуропаға дейінгі қашықтығы еуропалықтар үшін алыс болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл білімнің жетіспеушілігі мен географиялық тәсілдердің жоқтығынан. Норвегиялық фьордтарда тұратын матрос ретінде, викингтердің қаны тұла бойында ағып жатқан теңізші ретінде мен алыс қашықтықта жүзу кезінде үлкен қиындық көрмеймін. Мың жыл бұрын викингтер өз кемелерімен Исландияға жету үшін бес күн жүзген. Қазіргі желкенді кемелермен де осы қашықтыққа бес күн жүзеді. Ежелгі скандинавиялықтарға Батыс Гренландияға жету үшін 10 күн қажет болды. Ал Норвегия жағалауынан Америкадағы викингтердің елді мекеніне дейінгі теңіз жолын 15 күн жүзіп өтті.

Викингтер басқарған кемелердің  технологиясы туралы зерттегенде олардың жүрген жолдарымен бүгінгі теңіз бағыты  шамамен   бір уақытты алады. Яғни қазіргі кемелер мен викингтердің кемелерінің жылдамдық уақыты тең болды десе де болады. Дәл Орталық Азиядан солтүстік Еуропаға дейін су мен құрлықта  бірдей қашықтық, ол соншалықты алыс емес және оны еңсеруге  викингтер әбден қабілетті. Көшпенділердің жорық асы кептірілген ет болса, ал бізде кеуіп қалған балықтар асымыз еді. Біз алыс жерлерге үлкен жорықтар  жасай алдық.

Норвегия да Қазақстан сияқты Ресеймен ортақ шекарасы бар және олар мұнай-газ мемлекеті болып табылады. Біздің генетикалық тамырларымыздың ортақ болуы біздің арамыздағы айқын қашықтықты азайтуы тиіс. Ескі норвегиялық дәстүрлердің арқасында бізде әлі күнге дейін ұзақ та алыс тарихи кезеңге қарамастан Орталық Азиядағы адамдар жанына жақын қабылдайтын көптеген белгілер мен ерекше мәдениетке ие. Бұл жалпы тамырлары бар әскери және кландық мәдениеттерге тән.

Зерттеу миссиясы қазақстандық ғалымдармен тығыз байланыста жүзеге асырылды. Мен біздің трансұлттық жобамызға және оның қатысушыларына шексіз алғыс айтамын, өйткені мұндай ынтымақтастық нәтижесінде достық пен табыс болады. Біз ежелгі қаңқалардың қалдықтарын,  ежелгі ата-бабаларымыздың іздерін іздеу үшін Қазақстандағы бірнеше маңызды жерлерді араладық. Бұл Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Нұр-Сұлтан аймақтары болатын. Біздің іздеу жұмыстарымызға ең көрнекті ғалымдардың, ежелгі көші-қон және қазақ ұлтының негіздері туралы үлкен білімі бар археологтардың көмектескені үлкен сәттілік әкелді. Біз ДНҚ-ның бірнеше жүздеген үлгілерін және бірнеше ежелгі жылқыларды алдық, олардың нәтижелері бізді таң қалдырды.

Қысқасы, қазіргі уақытта негізгі талқылаулар идеялардың аймақтан аймаққа ауысуына немесе адамдардың қоныс аударуының арқасында идеялардың енуіне қатысты болды.

ДНҚ зерттеуіне келсек, 2015 жылы үнді-европалықтардың Еуропаға тарихи миграциясын растайтын екі негізгі ғылыми мақала жарияланды. АҚШ-тағы Гарвард университетіндегі ДНҚ зертханалары мен Даниядағы Копенгаген университеті біздің Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көші-қонды түсінуімізге үлкен үлес қосты. Қысқасы, қазіргі уақытта негізгі талқылаулар идеялардың аймақтан аймаққа ауысуына немесе адамдардың қоныс аударуының арқасында идеялардың енуіне қатысты болды.

Содан бері осы көші-қон ағындарының Еуропа құрлығына әсері тарихқа қызығушылық танытатын көпшілігіміз үшін бағдаршам болды. Үнді-еуропалық халықтардың далалық шығу тегі де расталды. Викинг дәуірінің басында кландық мәдениеттің үнді-еуропалықтардың пайда болуымен бірге пайда болған қола дәуірінің кландық мәдениетімен көптеген ұқсастықтары болғанын білеміз. Ғалымдар викингтердің қанындағы жақындық Қазақстанның атақты сақтарымен, тіпті генетикалық тұрғыдан да өте жақын болуы мүмкін дейді. Алайда, ол үшін көп зерттеу қажет болды, ал 2018 жылы ғылыми басылымда кейбір маңызды, керекті деректерді таптық.

Дәлелдемелер сонымен қатар шығыста - Еуропадан Орталық Азияға қола және темір дәуірінде қоныс аударуды көрсетеді. Бұлар алдымен даладан батысқа қоныс аударған үнді-еуропалық тайпалардың ұрпақтары болды, және одан да маңыздысы, ұзақ уақыт бойы Скандинавиядағы жергілікті халықпен үнді-еуропалық халықтардың керемет араласуы болды. Қарапайым тілмен айтсақ, викингтердің ата-бабалары үнді-еуропалықтардың, ерте неолит дәуірінің өкілдері мен аңшылардың жиынтығы болған. Кейінірек шығысқа қоныс аудару кезінде бұл комбинация Орта Азия тұрғындарына генетикалық әсер етті.

Бұл мәселе бойынша қосымша зерттеулер қажет, бірақ қазіргі уақытта тек сақ тайпалары ғана емес, сонымен бірге викингтердің ата-бабалары Қазақстанның көшпелі тұрғындарының қалыптасуына өз үлестерін қосты деп айтуға толық негіз бар. Басқаша айтқанда, біз бұрын ойлағанымыздан да көп бауырластармыз! Мүмкін бұл Викингтердің қазіргі Еділге және Каспий теңізіне дейінгі Қазақстанмен шекаралас жерге дейін жүзіп келгендігімен байланысты шығар.

Қазір викингтердің Ресейдің, Украинаның және Беларусьтің негізін қалаушылар екендігі белгілі болды, ал Викингтер кланы - Руриковичтер князьдығы Мәскеуде отырып бүкіл Ресейді  1600 жылға дейін басқарғаны белгілі. Викингтер алыс шығысқа жаугершілік сапарларымен танымал болды. Олар шығыстағы жұмақ пен сондағы ата-бабаларының үйін тапқысы келетіндерін айтты. Мұны біз көптеген викингтік сағалардан (жырлардан) білеміз.

Қазіргі викинг ретінде мен бұған келісе алмаймын және ғалым ретінде шеңбердің жабылғанын сезінемін. Норвегиялықтардың, көшпенділермен жақсы қарым-қатынаста болуымыздың себебін де түсінемін.

Қазір біз ДНҚ саласындағы жаңа және өте үлкен жобамен жұмыс істеп жатырмыз, ол біздің барлық нәтижелерімізді әрі қарай біріктіріп, сол кездегі Скандинавияда да, Қазақстанда да және олардың арасында не болғанын түсінуге көмектеседі деп үміттенемін. Сонымен қатар, менің зерттеуге қатысуымның арқасында, біздің арамыздағы географиялық және уақытша қашықтық әрдайым қысқаруда. Алдағы бір-екі жылда бізді қызықты күндер күтіп тұр.

Стурла Эллингвог - норвегиялық тарихшы, «Зерттеушілер» клубының мүшесі, лектор, публицист, Explico экспедициясының жетекшісі.

Дайындаған Оңғар Қабден

Пікірлер