Жәбірленушінің анасы 2020 жылы 13 маусымда полицияға арыз жазып, іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексі 122-бабының, 2-бөлігі бойынша тіркелген.
"Сол күні 25-26 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды, олардың барлығы Целиноград ауданының тұрғындары. Күдіктілердің аталған қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін деректер анықталды. Тергеу жұмыстарына байланысты сот сараптамалары тағайындалды", - дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Полция мәліметінше, күдіктілер ұсталып, Целиноград ауданындағы полиция бөлімшесіне уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеуді Полиция департаментінің басшысы өз қолына алды.
Одан бөлек, Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитеті жергілікті атқарушы органдармен және ІІМ-не сауал жолдағанын хабарлады.