Шымкент қаласының кейбір көшелерінде жол белгілері электр бағаналарына орнатылған. Бұл туралы журналист Рүстем Ашетаев хабарлап, суреттерін желіге жариялады.
"Мынандай жол белгілерінің "астынан" полиция ұстап алса, төлеуім қаншалықты заңды?
Шымкент қаласының "Старый город" базарын кесіп өтетін жолдың бойында электр бағаналарына орнатылған жол белгілері бар.
Менің білуімше мұндай белгілерді арнайы мекемелер тапсырыспен өзінің стандартына сай, арнайы бағаналарға орнатады. Сол белгілер заңды болып саналады. Әкімшіліктің мынандай жол белгілеріне тапсырыс бергеніне күмәндімін. Сонда, тапсырыс берушілер осылай қабылдап алған ба?"
Мұндай (жарық, электір т.б) бағаналарға орнатылған белгілерді қаланың басқада көшелерінен көп кездестіруге болады. Мысалы, Бәйдібек көшесінің бойындағы көкөніс базарының маңындағы жарық бағаналарынан кездестіреміз.
Бір потруль экипажын тоқтатып мән-жайды сұрап едім, иығын "қиқаң еткізіп" кетіп қалды" - деді Рүстем Ашетаев.
"Адырна" ұлттық порталы