МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ: Жылқы емес, шошқа баққаның жағдайы жақсармақшы (видео)

4112
Adyrna.kz Telegram

Құрметті достар, мына бір дүниені түсіндіріп беріңіздерші? Менің ақылым жетпей отыр. Біз айтамыз ғой, қазақ халқы үшін жылқының орны бөлек, жылқы деген малдың патшасы, кезінде ата-бабаларымыз аттың үстінде отырып осы бір ұлан-байтақ жерде қорғап қалған деп. Бірақ бұдан былай мемлекет жылқыға бір теңге тіпті, бір тиын  субцидия бөлмейтін болды. Ұсақ мал қойдың өзінің жем-шөбіне деп жылына төрт-ақ мың теңге бөледі.

Ал бұл субсидиялардың барлығы қайда кетп жатыр дейсіздер ғой?! Оның барлығы шошқа шаруашылығын дамытуға жұмсалады. Яғни, бұдан былай бір шошқа сатып алатын болсаңыз мемлекет сізге 140 мың теңге ақша береді. Әрі ол қайтарымсыз ақша.
Одан бөлек доңыздың қарны ашып қалмасын деп жылына тағы 40 мың теңгеден беретін болды. Мен түсінер едім, елімізде жылқы, қой шаруашылығы дамып кетіп, еттің келісі 300 теңгеден болса, ол бөлек әңгіме. Әлде біздің қазақ халқы тек қана шошқаның етін ғана жейтін болған ба? Ауылдағы шопандар онсыз да әрең жүр, жем-шөпке ақша таппай. Олардың ауызынан жырып субсидияның барлығын шошқа шаруашылығына аудару қаншалықты дұрыс? Сііздердің де ойларыңызды білгім келеді.

Мысалы, Моңғолия төрт түлік жылқы мен қойдың санын 90 млн-ға жеткізу арқылы да байып отыр ғой. Мен түсінемін, осыған бөлінген ақша аспаннан жауып жатқан болса. Айналып келгенде сіз бен біздің ақшамызды осы шошқа шаруашылығына бөлу қаншалықты дұрыс? Егер қателессем, түзетіңіздер.

Мақсат Толықбайдың шошқа шаруашылығы жайында айтқаны

Пікірлер