Еуропалық Комиссия ЕО-ның сыртқы шекараларын кесіп өтуге қойылған шектеулерді ағымдағы маусымның 15-інде аяқтауды ұсынды, алайда барлық дерлік мүше мемлекеттер шектеулерді айдың соңына дейін ұзартуды қолдады.
Еуропалық Одақ маусымның соңында өзінің ішкі шекараларын толығымен ашады. Бұл ашылу күнін Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссон ЕО ішкі істер министрлерінің кездесуінен кейін атады, деп хабарлайды Reuters.
Сонымен бірге, Еуропалық Одақ елдері 15 маусымнан кейін азаматтардың үшінші елдерден келуіне шектеулердің жалғасуын жақтады. «Алдымен Шенген аймағының жұмысын қалпына келтіріп, содан кейін сыртқы шекараларды ашуға кірісу керек», - деді Йоханссон.
Еуропалық комиссия ЕО-ның сыртқы шекараларын кесіп өту бойынша шектеулерді ағымдағы маусымның 15-інде аяқтауды ұсынды, бірақ барлық дерлік мүше мемлекеттер шектеулерді айдың соңына дейін ұзартуды қолдады.
«Бұл маусым айының аяғында сыртқы шекараларда шектеулер болады дегенді білдіреді, және біз оларды шілде айының басында алып тастау туралы ойлануымыз керек деп санаймын» деді Йоханссон.
Қазіргі уақытта ЕО-ның кейбір елдері белгілі бір көрші елдерде ауру жұқтырғандардың санына назар аудара отырып, екіжақты негізде шекара ашуды бастады. Мамыр айының басында Еурокомиссия ЕО ішінде шектеулер жойылғаннан кейін Шенген елдерінің сыртқы шекараларын «елеусіз» сапарлар үшін ашқан жөн деп мәлімдеді.
"Адырна" ұлттық порталы