Мектепке емес, білім жүйесіне "ремонт" керек!

2764
Adyrna.kz Telegram

Кеше лентадан бір мұғалімнің комментке жазған пікірін жазғанын оқып қалдым. Кабинетіме ремонт жасауым керек еді деп, әлгі жерде аһ ұрып отыр екен апайымыз. Тағы сол оқушылардан «жылу» жинап, оқу жылы басталғанша кабинетін жөндеп алмақшы ғой деймін. Мектептің өмірі жылда осы.

Мектептің ішіне емес, орта білім беретін бүкіл жүйеге «ремонт» жасайтын, реформа жасайтын уақыт болған сияқты. Алдағы 2-3 жылда министрлікке істейтін жұмыс көп. Мектепті демократияландырмаса болайды. Қазіргі мектеп – әлі сол сәветтік системадан асып кетпеген, болашаққа еш нәрсе ұсына алмай отырған «білім беретін» жүйе болып қалып отыр. Мектеп – екі сөздің басын құрап жаза алмайтын сауатсыздар түлеп ұшатын ортаға айналып бара жатыр. Директордың «деспотизмінен» құтқарып,мұғалім мен оқушы еркін ойлайтын, олардан тұлға жасап шығаратын ортаға айналдыру керек мектепті.

Мектеп ешқашан адамды керемет білімді қылып шығармайды. Оқушы мектептен сауатты жаза алатын, ойын қазақша жатық қылып жеткізе алатын адам болып шықса болды. Ол осындай трамплин секілді болуы керек. «Құдай бермеген білімді Сорбоннадан да алып шыға алмайсың» деген әдемі сөз бар. Қанша жерден тырыссаң да, жоғарғы оқу орны да сенен тұлға да, мықты технократ та жасап шығара алмайды. Бұлақтың көзін ашқандағы сияқты, адамның ойын ұштап, оны ынталандыратын, болашаққа мотивация беретін орта – мектептің өзі болу керек!

Жолымбет Мәкіш

Пікірлер