Екі полицейдің өліміне кінәлі жүргізуші 6 жыл полицияда қызмет еткен

2947

Алматыда блокбекетте екі полицейді қағып кеткен BMW жүргізушісіне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Полицейлердің мәліметінше, жүргізуші осыған дейін 6 жыл құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Алайда жұмыстағы міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін қызметінен босатылған.

"Блокбекетте болған жағдайдан бірден екі полицей қаза тапты. Бірақ, ең өкініштісі, полицейлерді қаққан жүргізуші осыған дейін полицияда 6 жыл жұмыс істеген. Қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға тартылған. Осыған байланысты ішкі істер органдарындағы қызметінен қуылған. Заңды бұза отырып, оған ауыр жаза қарастырылғанын біле тұрып, мас күйде рөлге отырып, қылмыс жасады", - деді қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов.

Оның айтуынша, жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер
Редакция таңдауы