Әкімдік: Нұр-Сұлтанда карантиндік жеңілдіктер болмайды

4610
Adyrna.kz Telegram

Нұр Сұлтанда карантин режимінен жеңілдік болмайды. Бұл туралы елорда әкімдігінде айтылды, - деп хабарлайды "Адырна".

«Тұрғындар қатаң санитарлық нормаларды сақтау керек. Қала бойынша бақылау-өткізу пункттері жұмысын жалғастыруда. Полицияның барлық құрамы қаланы күзетуде, санитарлық нормаларды сақтауға халықты хабардар ету үшін дәрігерлер, еріктілер айналысуда», - делінген баспасөз хабарламасында.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру жөнінде кеңес өткізді.

«Карантин режимінің қалпына келуіне байланысты қазір көшеде адамдар көп. Күнделікті рейдтер барысында байқағанымыз  халық барлық санитарлық нормаларды ұстанбайды: санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 26 объекті жаптық, 150 құрылыс компаниялары, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер және т.б ескерту жасап, жартысына айыппұл салынды».

«Рейдтер кезінде адамдар саябақтарға, алаңдарға көптеп жиналып, бетпердесіз жүретіні байқалды. Мұның бәрі вирустың асқынған түрде таралуына әкелуі мүмкін. Дәрігерлерге инфекция көздерін дер кезінде анықтау қиынға соғады».

«Осыған байланысты полиция қызметкерлері қарқынды режимде жұмыс істеуді жалғастырады, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын күшейтеді, күнделікті қызметтері рұқсат етілген компаниялардың жұмысын бақылайды. Нысандар санитарлық нормаларды бұзған жағдайда жабылады. Инфекция қаупі сақталып отыр, қазір демалатын уақыт емес» - деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, «ең алдымен сіз өз денсаулығыңызға жауапты қарасаңыз, жақындарыңыздың денсаулығына да жауапты боласыз».

«Өкінішке орай, науқастардың 40 пайызы 18-30 жас аралығындағы жастар, 36 пайызы 30-50 жас аралығындағы адамдар. Сізге коронавирусты қалыпты тұмау ретінде қабылдап, емделудің қажеті жоқ. Бұл ауру бірнеше күннің ішінде  тіпті ешқашан ауырмаған адамның да денсаулығын бұзуы мүмкін.  Тек оқшаулану және қатаң санитарлық нормалар ғана сіздің бұрынғы өмір сүру қалпыңызға оралу үшін сенімді және жылдам әдіс», - деп толықтырды Көлгінов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер