Жамбыл облысында шопанның үйінен екі әйелдің бассыз денелері табылды

6651
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында 54 жастағы шопан адам өлтірді деген күдікке ілінді. Екі әйелдің бассыз денелері тау бөктеріндегі шаруа қожалығының бірінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК-ға сілтеме жасап.

«Үйден 1970, 1982 ж.т. екі әйелдің мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде», - деді Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің аға тергеушісі Әнуар Кәріпсейітов.

Полиция іске күдікті шопан қауіпті болуы мүмкін дейді. Оның қайда екендігі туралы ақпарат үшін сыйақы төленеді.

Күдікті  Рысқұлов ауданының  тауының етегіне шамамен екі ай бұрын келгендігі белгілі болды. Ол мал бағуға жалданған. Жергілікті тұрғындар қайтыс болғандардың бірі көрші шаруашылықта жұмыс істеген дейді. Ал бір күн бұрын ол құрбысым бірге күдікті шопан жұмыс істейтін шаруашылықта болған. Күдікті ер адамды кісілер соңғы рет теміржол маңында көрген. Сол жерге ол атты тастап, белгісіз бағытқа жасырынған.

«Мен оларды шаруа қожалығында өлтіргенін естідім. Тіпті  екі әйелдің бастары кесілген.  Ол таудан түсіп, жолдың жанына атын тастап, бір жаққа қашып кеткен, оны ешкім көрмеген. Ол Өзбекстанның тұрғыны, мүмкін сол жаққа қашып кетуі мүмкін», - деді Мамай ауылының тұрғыны Нұрлан Әбдіқұлов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер