Нигериялық Қазақстан армиясында қызмет етті

3638
Adyrna.kz Telegram

 

"Шығыс" аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдері мен құрамаларында 2019 жылдың көктемінде шақырылған әскери қызметшілер қызметінен босатылады.

Әскерге шақырылушылардың бірі, туған жері бойынша нигериялық, бірақ қазір Қазақстан азаматы, ефрейтор Майкл Мкпо-Джозеф әскери қызметтен алған әсерлері туралы айтты.
«Бұл қызмет маған жауапкершілік пен тәртіпті, үлкен буынды сыйлауды, отансүйгіштікті, нағыз еркек пен Отан қорғаушының мақсатын түсіну  қасиеттерін сіңірді. Енді біз басымызды жоғары ұстап, қажетті білім мен әскери шеберлікті игеріп, резервке барамыз, болашақта  Отанға қажет болсақ, Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына қосыламыз», - дейді сарбаз.
Әскерилердің әскери тумен қоштасу рәсімдері карантиндік шараларға сәйкес ұйымдастырылады: шеру алаңында жеке құрам бір-бірінен қауіпсіз қашықтықта тұрғызылады. Міндетті түрде медициналық бетперде кию керек.
Бір жыл бұрын әр облыстан шақырылған қазақстандықтар әскери істердің негіздерін білді, әскери дайындық пен әскери тәртіп пәндерінде жақсы нәтижелер көрсетті. Олардың кейбіреулері келісімшарт негізінде әскерде қызмет етуді жалғастырғысы келеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер