Жемқорлық туралы хабарлағандар 10 миллион теңгеге ие болды

3257
Adyrna.kz Telegram

Жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 64 қазақстандық 10 миллион теңгеден астам сыйақыға ие болды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аса маңызды істер жөніндегі бірінші департаменттің тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Азаматтардан және мемлекеттік қызметкерлерден көптеген хабар түседі. Бұл сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді. Жыл басынан бері 1424 call орталығына сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен 264 қоңырау түсті. Шағымдардың басым бөлігі ішкі істер органдары, жергілікті атқарушы органдар, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жұмысына қатысты", - дейді ол.

Осы орайда Данияр Биғайдаров жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 64 қазақстандыққа сыйақы берілгенін жеткізді.

"Осы жылы нақтыланған сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 64 қазақстандық сыйақы алды. Олар сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған. Оның ішінде call орталыққа түскен қоңыраулар да бар. Жалпы оларға 10 миллион теңгеден астам қаражат берілді", - дейді тергеуші.

Пікірлер